Мұрат Әйтенов "Магнум" басшыларымен түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды

0
741

Әр үш айда берілетін көмекті қала тұрғындары уақтылы алып отыруға құқылы.


Мұрат Әйтенов

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтардың жеке сұрақтары бойынша онлайн қабылдау өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қабылдауға жазылған қала тұрғыны кепілдендірілген әлеуметтік пакетті мерзімінде толық ала алмай отырғанын жеткізді. Онымен қоса "Магнум" сауда үйіндегі қызметкерлердің дөрекілігі жөнінде арызданды.

- Әкімдік пен сауда үйі арасында келісімшарт түзілген. Яғни, кепілдендірілген пакеттегі заттарды сатып алуға тұрғындар үшін ақша бөлінген. Біз бір нәрсені ұмытпауымыз қажет. Халықтың ақшасы - халыққа жетуі керек. Әр үш айда берілетін көмекті қала тұрғындары уақтылы алып отыруға құқылы, - деді қала әкімі.

Бұл бағытта аудан әкімдеріне және сала басшысына барлық "Магнум" желісінің басшыларымен түсіндірме жұмыстарын жүргізуді, әлеуметтік көмек берілерден бір апта алдын түгендеу жұмыстарын жүргізу жөнінде тапсырма берді.