"Қыз тәрбиесіне қоғам жауапты"

0
337

Іс-шараның мақсаты - қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, инабаттылық, кішіпейілділік жан-жақты асыл қасиеттерін таныта білу.


Шымкент қаласының оқу орындарында жастар арасында жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Парасат колледжінде Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысы аясында жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған тәрбиелік мәні мол қыздар кеңесі болып өтті. Оны салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясы ұйымдастырды.
Іс-шараға №3 қалалық емхананың психолог маманы Избасарова Алия, Шымкент қалалық полиция департаменті Жергілікті полиция қызмет басқармасының Абай аудандық ӘЗЗҚ бөлімінің аға инспекторы полиция аға майоры Бектемисова Гульвира және №11 қалалық емхананың гинекологы Сейдулла Ардақ қатысты.
Іс-шараның мақсаты - қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, инабаттылық, кішіпейілділік жан-жақты асыл қасиеттерін таныта білу. Ерте жүктіліктің алдын алу, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы тағылымды ақпарат беру. Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу.
Қыздарды тәрбиелі, білімді, өнерлі боп өсуге, қыз баланың гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету, өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтау болып табылады.
Басқосу соңы сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде өзара пікір алмасып, ойларын айтты.

«Бүгінгі қыз – болашақ ана» атты Политехникалық коллежінде өткен іс-шара студенттердің гендерлік саясат және қоғамдағы қыздардың рөліне арналды.

Дана халқымыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Әсіресе, қызды кішкентай күнінен-ақ әдептілікке, ізеттілікке, инабаттылыққа баулыған. Қыздың бойына бар асыл қасиет ана сүтімен дариды. Әке-шеше қызының әрбір қадамына сынай қарап, дұрысын айтып, бұрысын түзеп отырған.Осы тәрбие дәстүрі бүгінгі күні де қалптасып келеді. Бірақ, қыз тәрбиесі те ата-ананың тәрбиесімен шектелмей, жүрген ортасында да өзекті болу керек.
Осы мақсатта Политехникалық колледжі, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы және Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциацисы бірігіп ұйымдастырған жиында қыздарға аталмыш тақырып аясында келелі мәселелер айтылып, қыз баланың қоғамдағы орыны, ұлт тәрбиесі қыз тәрбиесінен басталатындығы туралы салиқалы, салмақты әңгімелер сөз болды.
Жиынға Шымкент қалалық іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы Эльенора Ағабекқызы, Шымкент қалалық полиция департаментінің полиция аға лейтенанты Аселя Ермаханқызы, №3 қалалық емханасының психолог маманы Әлия Аңсағандыққызы қатысып, студенттерді мазалаған сұрақтарға жауап берді.
Сонымен бірге, тәрбие жұмысының өзекті тақырыбы туралы айта келіп, мамандар қыздар арасындағы ерте жүктіліктің салдары, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы ақпарат беріліп, оларды ересек өмірде дұрыс жолға бағыттау біздің мақсатымыз деді мамандар.

Жиын соңында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сабағын ұсынды.

Ал «Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі» атты кездесу Tashenev Universityде 1ші курс студенттерінің қыздары арасында өтті. Аталмыш шарада қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қыз балалардың тағдыры жөнінде тағылымды ақпарат беріліп, қыздардың сырласы анасы еендіктерін, сондықтан анасынан сыр жасырмау керектігі туралы кеңестер айтылды.

Сонымен бірге, қыздар арасындағы ерте жүктіліктің салдары, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы ауқымды әңгіме жүргізіліп, қыздардың жеке бас гигиенасы, тазалығы жайлы түсіндіріліді.

Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу мақсатында, қыз тәрбиесін қоғам назарынан тыс қалдырмау мақсатында өткен жиында еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.