​ҚАЗАҚСТАН – ТАНТАЛ МЕТАЛЫ ҚОСЫЛҒАН МОНЕТАЛАРДЫҢ ӘЛЕМДЕГІ ЖАЛҒЫЗ ӨНДІРУШІСІ

0
393

Қазақстандық монета сарайы Ұлттық валютаның үш түрлі монеталарын жасайды


​ҚАЗАҚСТАН – ТАНТАЛ МЕТАЛЫ ҚОСЫЛҒАН МОНЕТАЛАРДЫҢ ӘЛЕМДЕГІ ЖАЛҒЫЗ ӨНДІРУШІСІ

Қазақстан танталы монеталардың жалғыз өндірушісі болып табылады. 2011 жылы біздің кәсіпорын тантал енгізілген монеталар жасауға арналған инновациялық патенттің иегері болды.

Тантал қазақстандық монеталардың бірегей ерекшелігіне айналды. Сонымен қатар, бізде танталдың түсін өзгерту бойынша технологиялар бар, бұл бұйымдарды жобалауға кең мүмкіндіктер ашады. Монета сарайының мамандары танталды 18 түрлі түс пен реңкке өзгертудің технологиялық әдістерін ойлап тапты, бұл монеталар дизайнын өзгертудің мүмкіндіктерін кеңейтті.

Тантал бұл аэроғарыш өнеркәсібінде қолданылатын және ашық нарықта сатып алуға болмайтын металл. Танталдың өте ерекше қасиеті – адам денесі қабылдайтын әлемдегі жалғыз метал. Сондықтан шет елдер бұл монеталарды сатып алып, оларды ерітіп, медицинада қолданады.
Қазақстан – бұл технологияны патенттеп алған, әлемдегі монеталар өндірісінде танталды қолдануға мүмкіндігі бар жалғыз монета сарайы.
1992 жылы Өскемен қаласындағы Үлбі металлургия зауытының базасында «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан монета сарайы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды. Кәсіпорынның құрылтайшысы - Қазақстандағы ұлттық валютаның эмитенті болып табылатын және ел экономикасының ақшалай қолма-қол ақшаға деген қажеттілігін айқындайтын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады. Жарғыға сәйкес Монета сарайының алдында екі негізгі міндет тұрды. Ол Қазақстан Республикасын ұлттық валюта монеталарымен, мемлекеттік наградалармен, ордендермен және медальдармен қамтамасыз ету.
Монета сарайында бағалы металдардан монеталар өндіру, монеталарға қорытпаларды құю мен илемдеу, безендіру және бұйымдарға әр түрлі жабындарды жағу сияқты толық технологиялық циклі бар. Сондай-ақ түсті металдардан айналым монеталарын жасау үшін безендіру және илемдеудің толық циклі бар.
Қазақстандық монета сарайы Ұлттық валютаның үш түрлі монеталарын жасайды: түсті металдар мен мырышталған болат дайындамаларының қорытпаларынан айналымдағы монеталарды, бағалы және түсті металдардан инвестициялық және коллекциялық монеталарды дайындайды.
Қазақстандық монета сарайында жасалған коллекциялық монеталардың сапасы халықаралық монета конкурстарындағы көптеген жүлделі орындар алуымен расталып отыр.
Айта кету керек, бағалы және түсті металдардан инвестициялық және коллекциялық монеталарды ҚР Ұлттық банкінің интернет-магазині арқылы сатып алуға болады.