Алимент: шымкенттік азамат баласына 1,5 млн теңге қарыз болған

0
275

2 жылға жуық жалтарып, алиментін төлемей жүрген.


Алимент: шымкенттік азамат баласына 1,5 млн теңге қарыз болған

көрнекілік сурет: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Шымкентте ұлына 1,5 млн қарыз болып, алименттен жалтарған әкеге қатысты тергеу жүргізілді.


Жергілікті тұрғын өзінің кәмелет жасқа толмаған баласын асырап бағу үшін ай сайынғы табысының немесе өзге кірісінің бөлігін төлеуге тиісті бола тұра, 2 жылға жуық жалтарып жүрген. Борышкердің берешегі 1,5 теңгеден асып кеткен.

Тұран АПБ-ның анықтаушылары оның бұрыңғы әйелінің арызы бойынша іс тіркеп, азаматты құжаттармен таныстырып, аталған құқық бұзушылық үшін қарастырылған жауапкершілік туралы түсіндірі. Міндетін орындамаған ер адамға қатысты тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, жинақталған материалдар сотқа жолданды.
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мемлекеттік орган қызметінің басым бағыттарының бірі, ал балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи міндеті болып табылатынын атап өткен жөн.

Осы ретте, полицейлер азаматтарға өз балаларыңыздың болашағы үшін алимент төлеуден жалтармай, заң аясында белгіленген қаражатты төлеп отыруға кеңес береді.