АРМАНҒА ТЕЗ ЖЕТКІЗЕТІН үш техника

0
3 314

2023 жылға арман-жоспар жаздыңыз ба?


АРМАНҒА ТЕЗ ЖЕТКІЗЕТІН үш техника

фото: w-dog.ru

Жаңа жылға 3-ақ апта қалды. Бүкіләлем бұл мерекені ерекше тойлайды. Үлкен сауда үйлерінің иелері шырша қойып, түрлі ойыншықтармен безендіріп халыққа ғажайыпты сезіндіргісі келеді. Тіпті ертегіге сенбейтін ересектер де түнгі сағат 12-ге дейін ұйықтамай жылды күтеді. Ізгі тілегін айтады.

Иә, екі жылдың орын ауыстыратын түнгі уақытта әйтеуір бір тылсымның бар екеніне барлық адам сенеді. Ал эзотерик мамандар бұл күні келер жылға жоспар құрып, армандарды қағазға жазуға кеңес береді.



1-ТЕХНИКА

Қандай тылсымның бар екенін ешкім анық білмесе де қағазға жазылған армандардың 50-70 пайызы міндетті түрде бір жыл ішінде орындалатынын мойындайтындар көп. Олай болса, сіз де ірілі-ұсақты барлық арман-мақсатыңызды тізіп жазып шығыңыз. Бұл тізімді 100-ге жеткізіңіз. Қойын дәптеріңізді сандыққа салып қойыңыз немесе көзден таса жерде ұстаңыз. Келесі жылы немесе алты ай өткен соң ашып көргенде тізімдегінің 50 пайызы орындалғанына таң қаласыз.

Армандарды бір рет тізіп жазып шықсаңыз болғаны, ары қарай өздігінен орындала береді. Ғажайып емей немене?!

Осы секілді арманның орындалуын жылдамдататын ғажайып психологиялық техника көп. Соның тағы бірі – қорқыныштарды жою.



2-ТЕХНИКА

Психологтар адамның қорқыныштары көп нәрсеге кедергі болатынын анықтаған. Әсіресе, арман-тілектің орындалуына бөгет болады екен. Қалай?

Түпсанаңыз барынша адамды қорғауға тырысады. Ол сіздің сөзбен айтқаныңызды емес, ойыңызды, эмоцияңызды тыңдап әрекет етеді.

Мысалы, сіздің басты арманыңыз – бай болу делік. Бірақ сіз «Бай болсам, ұры-қары торуылдайды. Ол үшін терезенің бәріне темір тор орнату керек» деп ойлайсыз. Немесе «Бай адамдардың араласатын ортасы да өзгереді. Мен сол ортаға лайықты бола аламын ба? Ол үшін алдымен әдемі сөйлеп, мәнерлі жүруді үйренуім керек шығар» деп мазаңыз қашады.

«Табысым молайып жатса, туған-туыстың бәрі көмек, жұмыс сұрап келер құрсын», «Көп табыс табу үшін аз ұйықтауға тура келеді» деген ой да тыным бермеуі мүмкін. Осындай ойларыңыз бай болудан қорқудың көрсеткіші. Ал түпсана сізді қорқыныштан қорғайды. Яғни сіз бұндай қорқыныштардан арылмайынша түпсанаңыз расында да бай-қуатты болғыңыз келетінін түсінбейді.

Екінші мысал: Ана болуды аңсайсыз. Бірақ түнімен шырылдап шығатын көршінің үйіндегі сәбидің даусын естіген сайын «Ертең мен де түнімен ұйықтамаймын ба? Бала өскенше ұйқым қанбайтын сияқты ғой» дейсіз. Немесе бір туысыңыз баласының күйдіріп жүргенін айтқанда, «Балаң болса да, болмаса да – проблема екен ғой. Менің балам да солай күйдіргі болмай ма екен?» деп ойланасыз. Сіздің осындай қорқыныштарыңызды түпсанаңыз тура мағынада қабылдайды да, балалы болудан қорғайды.

Үшінші мысал: Екіқабатты зәулім үйім болса деп армандайсыз. Танысыңыздың коттеджіне барғанда «Мына үйді жинап, еденін сүрту үшін бір күн жетепйтін шығар. Ауласын сыпырудың өзі де бір жұмыс қой. Екі бөлмелі пәтерім жақсы сияқты» деген ой санаңызда жүгіріп өтеді. Зәулім үйлердің қасынан өткен сайын сіз «Үлкен үйдің машақаты да көп» деп автоматты түрде ойлайсыз. Сондықтан түпсана шаршамасын деп сізге кішкентай үйді дұрыс көреді.

Адамның бейсаналы түрде осындай қорқыныштары армандарының орындалуына жол бермейді.

Егер армандарыңыздың орындалғанын қаласаңыз, арманыңыздан қорықпаңыз. Ол үшін әрине сізге ойды өзгерту керек. Мысалы, «зәулім үйді жинау, тазалау қиын» деген ойыңызды «үлкен үйім болса, аптасына бір рет клинигтік компанияны (үй тазалаушы қыз-келіншектер) шақырамын» дегенмен алмастырыңыз т.б.

Егер қорқыныштарыңызды жеңуге күшіңіз жетпесе, білікті психолог немесе психотерапевтің көмегіне жүгіңіз. Қалай болса да ең бірінші қорқыныштарыңызды санаңыздан түп-тамырымен жұлып тастау керек.



3-ТЕХНИКА

Негізгі арманыңыз қайсы? Осы сұрақты айналаңыздағы жақын адамдарыңызға немесе жұмысыңыздағы әріптесіңізге, я болмаса үйіңіздегілерге қойып көріңізші.

«Арман көп қой, қайсысын айтайын...», «Арманым ба?..» деп ойланып отырып қалатындар бар. Ал ізгі арман адамның тілінің ұшында тұруы керек.

Көп арманнан түпсанаңыз шатасып қалады. Сондықтан басты арманыңызды ғана көп айтыңыз.

Мысалы, баспана керек пе? «Арманың не?» деп сұрағанда ойланбастан «Үй» деп немесе «Үш бөлмелі пәтерді армандаймын» деп жылдам айту қажет.

Ол үшін күнде таңертең ұйқыдан тұра салып ең бірінші сол басты мақсатыңызды ойлаңыз. «Сұраңыз және сізге ол беріледі» деген кітаптың авторы Эстер Хикс күнде 17-ақ секундты арнау арқылы арманның орындалуын жылдамдатады дейді. Ұйқыдан оянған соң төсектен тұрмай жатып, бірінші негізгі арманыңызды ойлаңыз. Сол арманыңыз орындалып қойғандай қуаныңыз. Сосын орныңыздан тұрып тіс жуа беруге болады.

Арманыңызды ұзақ ойланбастан неғұрлым жылдам айтасыз, соғұрлым ол жылдам орындалатын болады.


Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:

Ерлі-зайыптылардың арасындағы сезімді "өлтіретін" 6 жағдай

Балаға ата-ана махаббатты жетіспесе не болады?