​«Қайынағамның ұсынысы ойландырып қойды»: шымкенттік келіншек балалы болуды армандап жүргенін айтты

0
1 711

«Өле-өлгенше ешкімне тіс жармаймын» деп уәде етіп отыр»


​«Қайынағамның ұсынысы ойландырып қойды»: шымкенттік келіншек балалы болуды армандап жүргенін айтты
иллюстрациялық сурет ашық дереккөзден алынды


«Әркімнің тағдыры әрқилы. Құдай біреуді баламен, енді біреуді байлықпен, екінші біреуін денсаулықпен сынап қояды екен. Біз де басқа салғанды көтеріп келе жатқан бейбақпыз. Баламен сынап жатыр. Бұл жүкті көтеретін күш-қуатым да қалмаған сияқты», - дейді Айгерім (есімі өзгертілді) дейтін оқырманымыз.


Өз күйеуінен 9 жылдан бері бал сүйе алмай жүрген келіншек ERNUR.KZ тілшісіне мұңын шақты.


«Отбасылық өмірім маған қуаныш әкелмеді. Басқалар сияқты бара салып көтерем, бір жылдан кейін бөпелі болам деген арманымның күл-талқаны шықты. Бұған үш жылға дейін мән бермей жүрдік. Енем марқұм да «бастарың жас, не асығыс, Құдайдың өз жоспары бар, пешенеге жазылғанын көресіңдер» деп жұбатып отыратын.


Бірақ бізден кейін үйленген достарымыздың алды екі-үш балалы болғанын көргенде шындап ойланайын дедік. Оның үстіне менің әке-шешем «неғып жүрсіңдер, ертерек тексеріліп, тиісті ем-домдарыңды алсаңдаршы» деп айта берді. Ақырында мамам күйеуім екеумізді алып Ташкентке жол тартты. Оған дейін күйеуім «менен ешқандай кінә жоқ, өзің көріне берсей» деп мойынсұнбайтын.Осы жолы мамам тығырыққа тақап қойды.

«Неге сен менің қызыма жауып, бар проблеманы осының мойнына артып қойып жатасың? Саған бала керек емес пе? Әйеліңмен бірге барып, тиісті тексерулерден өтпесең қызымды бір минут та қасыңда қалдырмаймын» деп сөйлеп тастаған. Шегінерге жолы болмай, Ташкентке тартып отырды.


Мамам бүкіл шығынды өз мойнына алып, екеумізді мықты бір профессорға тексертті. Екі күн дегенде анализдеріміздің қорытындысы шығып, бүкіл проблема күйеуімізде екенін анықтадық.

«Ұрығы қауқарсыз, проценті тым төмен. Ол үшін ұзақ жыл емделу керек» деп диагноз қойды. Мамам байғұс күйіп кете жаздады. «Бәсе, бәленің бәрін менің қызыма жауып, неше жылдан бері «өзің емделе бер» деп жібергенің тегін емес екен ғой. Сен мұны білдің бе?» деп күйеу баласын тағы да сұрақтың астына алды.

Не керек, «сені мынамен бір минут та қалдырмаймын, өміріңді қорламай, ертерек кет» деп өзімен бірге төркініме әкетіп қалды.


Бірақ махаббат деген қиын екен. Жиырма беске келіп, әрең сүйіп тапқан күйеуімнен ажыраса салу оңай ма? Оның үстіне оның балалы болғысы келмейді дейсіз бе? Осындай кезде сүйеу боп, қасында болмасам онда менің адамгершілігім қайда? Осындай ойдың жетегімен ақыры күйеуіммен қайта қосылдым. «Ақымақ! Ертең осы ісің үшін өкінесің әлі!» деп мамам мен папам жылап-жылап қалды.


«Бізде әлі-ақ бәрі жақсы болады, емделеміз, балалы боламыз» деп күйеуімді демеп, біраз жылды артқа тастадық. Ең мықты деген урологтардың емін алдық. Бірақ нәтиже жоқ, «аппарат» істеп тұр, ол жағынан проблема жоқ, бірақ «өндірісте» кінәрат бар. Осы жолда миллиондаған ақшамыз кетті. «

Айгерім, саған ризамын, жолың ашық, кете бер, маған қарайлама» деп күйеуім жылайтын. «Егер сенің орныңда мен болсам, осы уаққа дейін тоқал алып кетер ме едім...» деп те айтатын. «Мен сенімен соңына дейін біргемін» деп сөз бергем, сол серттен аттап кете алмаймын.


Қазір жасым 36-да, денсаулығым да бұрынғыдай емес. Уақыт өте келе әке-шешемнің «ертең өкінесің, денсаулығың бола тұра туа алмау деген азап қой» деп айтқаны шындап ойландыра бастады. Туғым келеді, өз баламның болғанын шындап аңсаймын. Сәбидің иісін құшырлана иіскегім келеді...


Бір күні күйеуім іссапармен Таразға кетіп, үйде жалғыз қалғам. Анда-санда күйеуім екеуміз шарап ішетініміз бар еді. Ол жоқта ашылған шараптан құйып, ішіп отырғам. «Келін, Талғат ет алам деп еді, сол жілікті апарып тастайын, үйдесің бе?» деп қайынағам хабарласты. Жарты сағатта үйге келді, қолында жарты жілік еті бар. «Талғат үйде жоқ екен ғой, мына жіліктерді шауып берейін онда» деп тірлікке кірісіп кеткен. Мен шай қойып, екеуміз екі сағаттай әңгіме-дүкен құрдық. Сол аралықта ет осылып, тұздалып қалды. Әңгіме арасында қайынағам маған ерекше ұсыныс білдірді.


«Саған ризамын, бауырымның көңіліне қарап, жалғыз тастап кетпей отырғаныңа ризамын. Бірақ қашанғы бұлай өмір сүресіңдер, баласыз өмірдің мәні бар ма? Бір ұсыныс айтайын, келіспесең бұл әңгіме айтылмады деп есептерсің, егер келіссең, онда өле-өлгенше бұл құпияны ішімде сақтап өтем. Менімен төсектес бол, менің балам бауырымның баласы болсын. Жетіскеннен айтып отырғаным жоқ, ініме жаным ашиды, екеуіңді ойлаймын...» деді де шығып кетті.


Жан баласына айта алмаған құпиямды сіздерге жайып салып отырмын. Қайынағамның бұл ұсынысы мені екіұдай күйге түсірді. Егер менде ойы болса осы уаққа дейін бір емеурін білдірер еді, демек інісінің жайын ойлап отыр-ау. Не істесем болады. Балалы болуды ойласам бәріне көзді тарс жұмып, келісе салғым келеді, ал күйеуім біліп қойса не күйге түсем?...»