Жиі ЫҚЫЛЫҚ ТИЮ жақсылықтың БЕЛГІСІ емес

0
14 084

Есінеу, түшкіру, керілу, көзден жас ағу ағзамыздың ауруға шалдыққанын білдіреді


Жиі ЫҚЫЛЫҚ ТИЮ жақсылықтың БЕЛГІСІ емес

фото: sahtakawalan.com


Жалпы мұндай жағдай бәрімізде де болады. Бірақ мән бермейміз. Таңертең оянғанда, орындықтан тұрғанда міндетті түрде керілетін әдетіміз бар. "Дастархан басында керілуге болмайды, адамға қарап керілме" деп тыйып жататындар бар. Ал біріміз есінеп бастасақ, екіншіміз түшкіреміз. Енді бірімізге ықылық тиіп жатады. Сондайда бағзыдан қалған «емін» жасаймыз. Әсіресе ықылық тигенде аз жұтымнан су ішіп басуды ойлаймыз. Бірақ дәрігерден тап осының себебін сұрап, емін іздеп әуре болмаймыз.


Негізінде адамның еркінен тыс болатын осы жағдайлар бекерден емес екен. Оның әрқайсысы әртүрлі дерттен дерек беретін көрінеді. Мәселен:


1. ЕСІНЕУ

Медицина тілінде гипоксия деп айтылады. Яғни, миға оттегі жетіспеген кезде адам есінейді екен. Бұл дерттен құтылу үшін тыныс алу жаттығуларын жасап, бір мезетте қатты және жай демалу керек. Тез-тез демалу қанға оттегіні жеткізіп береді. Көбінесе ұйқымыз келгенде немесе шаршағанда есінейміз. Міне, осы кезде біздің ағзамызға оттегі өте қажет болып жатады.

фото: combravedefender.ru

2. ТҮШКІРУ

Түшкірген кезде адамның жүрегі 1-2 секундта тоқтайды деген түсінік қалыптастырып алғанбыз. Адам көбінесе қараңғыдан күнге шыққанда, шаң жұтқанда, түрлі өсімдіктердің иісі келгенде түшкіреді. Бұл қалыпты жағдай. Өйткені ол адамның тап осы заттарға аллергиясы болуы мүмкін. Егер сіз шаңы көтерілген бөлмеге кіргенде түшкірсеңіз, мұрын шаңға толып, шырышты қабықтары құрғайды. Салдарынан мұрынның шырышты қабаты тітіркеніп, адам еріксіз түшкіреді. Бұл жүйке жүйесінің нұсқауымен орындалатын жағдайы. Егер сіз бірден 2-3 рет түшкірсеңіз, оған алаңдаудың қажеті жоқ. Ал егер 10-нан асып түссе, міне, бұл үлкен мәселе.

Қатарынан 10 рет түшкіру мұрынның шырышты қабатында ісік бар деген сөз. Сіздің ағзаңыз ісікке тітіркеніп, оны түшкіру арқылы шығарып жіберуге ұмтылады. Бірақ ісіктің емі – түшкіру емес екенін білгеніңіз жөн. Сондықтан да жиі түшкіруді тоқтату үшін ЛОР дәрігерінің кеңесін алып, қажетті тамшыларды тамызғаныңыз жөн.


3. КЕРІЛУ

Адамның еркінен тыс болатын жағдайларға керілу жатады. Алайда қай жерде еркіне жіберіп, қай жерде тоқтау керектігін білеміз. Былайша айтқанда керілу біздің басқаруымызбен орын алады. Бірақ не үшін керілгіміз келіп тұрады? Керілген кезде тамаша жеңілдеп қалуымызға не себеп болады?

Керілу – біраз уақыт бойы жұмыссыз тұрған бұлшықеттерімізді іске қосу үшін керек екен. Сондықтан да таңғы ұйқыдан тұрғанда керілу бұлшыққеттерімізге жан бітіреді екенбіз. Керілу арқылы бұлшықеттерімізге оттегі беріп, қан айналымды қалпына келтіреміз.


4. ЫҚЫЛЫҚ ТИЮ

Мұны да өзімізше қандай да бір белгі деп білеміз. Мәселен, кішкентай балаларға ықылық тиіп қалса, тоңып қалды деп дереу қалың киіндіруге асығамыз. Оған қоса, су ішкізіп шөлін қандырамыз. Ал үлкендер ықылықтап қалса «Не ұрладың?» деп қорқытып әлекке түсеміз.

Ал медицина мамандары ықылықтың тиюіне ыстық тамақ не сусын ішу және тоя тамақтану себеп болатынын алға тартады. Асығып тамақтану, тамақты көп шайнамай бірден жұту, ауызды толтырып тамақ шайнау ықылықтың тиюіне себеп болады екен. Жиі ықылық тию – бас сүйек-ми қысымының пайда болуының бірден-бір белгісі. Тамақты шайнамай жұту арқылы асқазан мен жүйкеге салмақ саламыз. Салдарынан бас сүйек-ми зардап шегеді.

фото: freepik.com

5. СЕЛК ЕТУ

Әсіресе, ұйықтап жатып селк ету – ағзаға оттегінің жетіспеуінен болады. Ұйықтап жатып, аяғыңыз арыққа түскендей сезімде болу сізде де кездескен болар. Бұл мидың сізді оятуға тырысқан әрекеті екен. Өйткені сіздің тыныс алуыңыз нашарлап, тамыр соғысы баяулап, бұлшықетіңіз босаңсып барады. Мұны сезген ағза мәңгі ұйқыға кетуден қорқып, сізді шошытып оятады екен.


6. ТҮРШІГУ

Адам тоңған кезде денесі түршігеді. Одан бөлек әсерлі ән немесе қызықты фильм көрген кезде де адамның бойы түршігіп, денесінде майда-майда дөңгелектер пайда болады.

Дененің түршігуіне – авитаминоз бен эндокриндің жүйенің сыр беруі себеп болады.

Егер ағза А және Е дәруменіне зәру болса, тері бөртіп шығады. Ал D дәруменінің тапшылығынан эндокриндік жүйенің жұмысы нашарлап, иммунитет әлсірейді. Оған қоса, бүйрек пен бауыр өз жұмысын атқара алмайды.

фото: Яндекс.Дзен

7. КӨЗДЕН ЖАС АҒУ

Көзіңізге байқаусызда шөп-шалам, қиқым, кірпік түсіп кетсе, көзіңізді аша алмай қаласыз. Уқалап шығарамын деп, көзіңіз жасаурай бастайды. Бұл қалыпты жағдай. Ал қарап отырып көзден жас ағу ненің белгісі? Мұны медицина мамандары былай түсіндіреді.

Көзге В12 және А дәруменінің қажет екенін білдіреді. Тап осы дәрумендер көздің жалпы саулығын жақсартады. Сонымен қатар, авитаминоз, дұрыс тамақтанбау, ұзақ уақыт диета ұстау, стресс, жүйке жүйесінің сыр беруі себепсіз көзден жас тамшылатады.


Міне, оқырман қауым! Біздің өмірімізде жиі кездесіп жүрген бұл жағдайлар еш себепсіз орын алмайды екен. Ендеше, әрбір әрекеттің тиісті ем-шаралары бар екен. Дәрігеріңізбен ақылдаса отырып, қажетті емді жүргізіңіз.


Материал түрлі дереккөздерінен дайындалды


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Қандағы ҚАНТ мөлшерін ТӨМЕНДЕТЕТІН 4 әдіс


БАЛ мен МАЙ балаңыздың ЖӨТЕЛІН тоқтатады


БАУЫРЫ ауыратындарға БҰЛ тағамдарды жеуге БОЛМАЙДЫ