​БАУЫРЫ ауыратындарға БҰЛ тағамдарды жеуге БОЛМАЙДЫ

0
7 242

Сіз мына сілтемеге өтіп қандай тағам жеуге болатынын немесе қандай тағамдардан бас тарту керектігін біле аласыз.


​БАУЫРЫ ауыратындарға БҰЛ тағамдарды жеуге БОЛМАЙДЫ

фото: kk.diabetes-education.net

Өздеріңізге ұсынып отырған диета артық салмақтан арылу немесе сұлулығыңызды сақтау үшін емес, саулығыңызды жақсарту үшін маңызды. Әсіресе, бауыры ауыратындарға қалай тамақтану керектігін айтатын боламыз. Бүгін сіз қандай тағам жеуге болатынын немесе қандай тағамдардан бас тарту керектігін біле аласыз.


Бауыр мен ұйқы безі – адамның жеген-ішкенін сүзетін іші ағзалар. Олардың көлемі кішкентай болғанымен, атқаратын қызметі орасан. Сондықтан да олардың саулығы өте маңызды. Егер аталған екі ағзаның саулығы сыр берсе, басқа ағзалардың жұмысына кері әсер етеді. Сол себепті бауыр мен ұйқы безіне ұнамды тағамдарды тұтынғаныңыз жөн.

Дұрыс тамақтанбау панкреатит, гепатоз, созылмалы гепатит, панкреонекроз секілді қауіпті аурулардың пайда болуына ықпал етеді. Аурудан сақтану үшін асқа көңіл бөлу керек.

фото: dieta-prosto.ru

Гастроэнтеролог дәрігерлер бауыр мен ұйқы безіне мына тағамдардың пайдалы екенін алға тартады.

  • Диеталық ет: бұзау, тауық, күркетауық және майсыз сиыр еті;
  • Теңіз өнімдері: майсыз балық (табан, нәлім, көксерке, сазан, минтай, тұқы, путассу және басқа);
  • Сүт өнімдері: майсыз сүт пен творог, қаймақ, кефир, йогурт және жұмсақ ірімшік;
  • Жұмыртқаның ақуызы;
  • Көкөністер мен жеміс-жидектер;
  • Нан өнімдері: бір күндік нан, қара бидай наны, кебектен дайындалған нан, қантсыз печенье, кептірілген нан, спагетти мен кеспе;
  • Ұнтақ жармасы, қарақұмық пен күріш жармасы;
  • Тәттілер: мармелад, зефир, жемісті мусс;
  • Сусындар: сұйық демделген қара шай, көк шай, шөп шай, балғын немесе кептірілген жемістен әзрленген нәрсу, кисель.

фото: tvoyapechen.ru

Ал жеуге болмайтын тағамдар:

  • Майлы ет: үйрек, қаз және қой еті;
  • Ет өнімдері: шұжық, сосиска, котлет;
  • Субөнім: бауыр, бүйрек, жүрке, тіл мен ми;
  • Теңіз өнімдері: майлы, қақталған, тұздалған балық, уылдырық, ұлу және асшаян;
  • Сүт өнімдері: майлы сүт пен қаймақ, қатты ірімшік;
  • Жұмыртқаның саруызы;
  • Көкөніс: пияз, саумалдық, қымыздық, руккола, шалғам, сарымсақ, ақжелкек, тұрып, гүлді қырыққабат;
  • Жеміс-жидек: цитрусты жемістер, киви, қышқыл алма, қауын, қарбыз, құрма, жүзім, қара өрік, мүкжидек, қызыл және қара қарақат, итбүлдірген;
  • Ұн өнімдері: жаңадан піскен кез келген нан өнімдері, қабатталған қамырдан дайындалған пісірмелер;
  • Жарма: жүгері, бидай, арпа, горох, фасоль, жасымық;
  • Консервіленген, тұздалған, маринадталған тағамдар;
  • Тәттілер: шоколад, халуа, балмұздақ, торт, пирожный;
  • Сусындар: қою демделген қара және көк шай, кофе, какао, алкогольді ішімдік, газды сулар;
  • Дәмдеуіштер: бұрыш, қалампыр, даршын, кептірілген сарымсақ, кетчуп, майонез, сірке су;
  • Саңырауқұлақ: кептірілген, тұздалған, қақталған, тіпті балғын түрін де жеуге болмайды.

фото: postila.ru


БАУЫРЫ мен ҰЙҚЫ БЕЗІ ауыратындарға бір апталық МӘЗІР


Дүйсенбі

Таңғы ас: майсыз сүтке пісірілген сұлы ботқасы, бал қосылған 1 шыны көк шай

Екінші таңғы ас: қантсыз печенье немесе кептірілген нан мен 1 шыны кисель

Түскі ас: көкөніс сорпасы немесе езбе сорпа, қарақұмық ботқасы, қайнатылған немесе буға піскен тауық еті, кептірілген жемістен әзірленген нәрсу

Бесіндік асқа: сүзбелі пісірме мен 1 шыны шөп шай

Кешкі ас: буға піскен балықтан котлет, картоп езбесі, 1 шыны сұйық демделген қара шай

Ұйқыға жатар алдында: 1 стақан майсыз кефир.


Сейсенбі

Таңғы ас: майсыз сүтке пісірілген күріш ботқасы, 1 тілік алма, 1 шыны итмұрын қайнатпасы

Екінші таңғы ас: қайнатылған көкөніс пен 1 шыны шай

Түскі ас: борщ, сиыр етінен дайындалған котлет және 1 шыны нәрсу

Бесіндік асқа: 1 шай қасық бал қосылған жеміс салаты

Кешкі ас: майсыз еттен дайындалған голубцы мен коктейль

Ұйқыға жатар алдында: 1 стақан майсыз йогурт.


Сәрсенбі

Таңғы ас: сүзбелі пісірме мен 1 шыны шөп шай

Екінші таңғы ас: пісірілген алма пен 1 шыны кисель

Түскі ас: көкөніс сорпасы, буға піскен балық және 1 шыны көк шай

Бесіндік асқа: қантсыз печенье мен жидектен әзірленген смузи

Кешкі ас: буға піскен тефтели, майсыз қаймақ пен нәрсу

Ұйқыға жатар алдында: 1 стақан майсыз айран.

фото: estet-san.ru


Бейсенбі

Таңғы ас: қарақұмық ботқасы, майсыз сыр мен 1 шыны итмұрын қайнатпасы

Екінші таңғы ас: зефир мен 1 шыны көк шай

Түскі ас: көкөністен әзірленген щи, буға піскен майсыз палау және 1 шыны шөп шай

Бесіндік асқа: сүзбе пісірмесі мен жеміс

Кешкі ас: картоп езбесі, қайнатылған туаық еті мен сұйық демделген шай

Ұйқыға жатар алдында: 1 стақан майсыз айран.


Жұма

Таңғы ас: бал қосылған ұнтақ ботқасы мен шөп шай

Екінші таңғы ас: тәтті алма немесе банан, 1 шыны сұйық демделген шай

Түскі ас: сәбізден дайындалған езбе сорпа, қайнатылған күркетауық еті мен 1 шыны нәрсу

Бесіндік асқа: майсыз қаймақ қосылған творог пен көк шай

Кешкі ас: балық етінен дайындалған буға піскен котлет, қарақұмық ботқасы мен кисель

Ұйқыға жатар алдында: 1 стақан майсыз кефир.


Сенбі

Таңғы ас: ақуыздан дайындалған омлет пен көк шай

Екінші таңғы ас: банан мен 1 шыны шөп шай

Түскі ас: борщ, тауық етінен дайындалған котлет, 1 шыны морс

Бесіндік асқа: буға піскен асқабақ пен кисель

Кешкі ас: көкөніс салаты, буға піскен ет, 1 шыны сұйық демделген шай

Ұйқыға жатар алдында: 1 стақан майсыз айран.


Жексенбі

Таңғы ас: жеміс қосылған творог пен шөп шай

Екінші таңғы ас: печенье мен 1 шыны итмұрын қайнатпасы

Түскі ас: күріш сорпасы, буға піскен балық, 1 шыны көк шай

Бесіндік асқа: буға піскен алма, творог, шөп шай

Кешкі ас: буға піскен тауық еті мен кәді, қайнатылған вермишель және сұйық джемделген шай

Ұйқыға жатар алдында: 1 стақан майсыз сүт.


Дереккөз: blotos-ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Тілдегі ДАҚ мына АУРУ туралы айтады


Қандағы ҚАНТ мөлшерін ТӨМЕНДЕТЕТІН 4 әдіс


ҚЫЖЫЛДАН бір-ақ күнде ҚҰТЫЛУҒА болады

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет