​БАЛ мен МАЙ балаңыздың ЖӨТЕЛІН тоқтатады

0
6 401

Бұл емді уақытында әрі өз мөлшерімен жасасаңыз, бір-ақ күнде жөтелден құтыласыздар.


​БАЛ мен МАЙ балаңыздың ЖӨТЕЛІН тоқтатады

фото: parenting.firstcry.com

Бала – Жаратушының бізге берген ғаламат сыйы әрі аманаты. Сондықтан да баланың саулығына, киіміне, тамағына баса назар аударуымыз керек. Бәрінен де маңыздысы – денсаулығы. Үйге келген кез келген қонақ алдымен баланы қуантуға асығады. Бір-бірлеп тәтті үлестіреді. Ал мереке қарсаңында бұл мөлшер шамадан асып кететіні белгілі. Аяз атаның берген тәттісінен бөлек, ата-әжесінің, аға-апасының тәттісі тағы қосылады. Егер сіздің балаңыз тәтті жеп тамағын ауыртып алса, дәрігер іздеп әуре болмаңыз. Егер балаңыздың сыры өзіңізге мәлім болса, бұл тұнбаны алдын ала дайындап қойсаңыз да болады.


Жалпы ЖӨТЕЛДІҢ пайда болуына МЫНА төртеуі себеп болады:

  1. Вирус
  2. Бактерия
  3. Аллергия
  4. Қоршаған орта

Бұл төртеуінен басқа тәтті мен салқын су да жөтелдің пайда болуына себепші болады. Сондықтан да балапаныңыз жөтеліп бастаса, уақыт созбай мына емді жасаңыз.


БАЛ мен МАЙ

Бұл ең қарапайым әрі ұтымды ем түріне жатады. Ол үшін жарты стақан қайнаған жылы сүтке 1 шай қасық бал мен 1 шай қасық сары май араластырыңыз. Сүт – ауруды асқындырмайды, бал – табиғи антисептик, ауру тудыратын бактерияны өлтіре алады. Ал май тамақты жұмсартып, жөтелді емдейді.

Емдік қасиеті мол сүт қоспасын күніне 3-4 рет ішсеңіз, нәтижесін сол күні-ақ байқайсыз.

фото: freepng.ru

ҚАРАҒАЙ БҮРШІГІ мен СҮТ

500 мл сүтті ыдысқа құйып, отқа қойыңыз. Бір қайнап шыққан соң 1 ас қасық ұнтақталған қарағай бүршігін саласыз. Отты өшіріп, қақпағын мықтап жабасыз. 1 сағаттай тұнған соң дайын болған сүтті сүзіп алыңыз. Сосын 50 грамнан әр 2 сағат сайын ішкізіңіз. Бірінші күні-ақ оң нәтижесін береді.


ӨСІМДІК ҚАЙНАТПАСЫ

Бізге өгейшөп (мать-и-мачеха), жебіршөп (чабрец), киікоты (душица), түймедақ (ромашка), жалбызтікен (алтей), қызылмия (солодка) және андыз (девясил) тамыры мен бәден дәні керек. Бұл өсімдіктердің кез келгені дәріханадан табылады. Ал дайындалу әдісі тіпті оңай.

Қорапта көрсетілген. Көп уақытыңызды алмайды. Бірақ бір қолданып көргеннен-ақ емдік қаситінің орасан зор екеніне көзіңіз жетеді.

Тұнбаны дайындау үшін ұсынылған өсімдіктің бәрін араластырсаңыз да, қалаған біреуін алып, қолдансаңыз да болады. Бастысы дұрыс дайындап, уақытылы ішу керек.

1 литр қайнаған суды термосқа құясыз. Оған 1 ас қасық шөптер жиынтығын салып, қақпағын жауып қойыңыз. Шамамен 30-40 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, 50 мл-ден күніне 3 рет ішкізесіз.

Бұл тұнба енді басталып келе жатқан бронхит пен пневмонияға да керемет көмектеседі.


ҚЫРЫҚҚАБАТ ШЫРЫНЫ мен ҚАНТ

Шырынсыққыштың көмегімен қырыққабаттың шырынын аласыз. 0,5 стақан шырынға жарты шай қасық қант қосып, араластырыңыз. Дайын болған сусынды жарты шай қасықтан ішкізесіз. Емделу уақыты – 2 сағат сайын болу керек.

фото: viplor.ru

ҚАРА ҚАРАҚАТ тұнбасы

1 ас қасық жидекті 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Шамамен 1 сағаттан соң дайын болған сусынды сүзіп алып, балапаныңызға шай ретінде бересіз.


ІНЖІР қайнатпасы

Шағын ыдысқа жарты стақан су құйып, отқа қойыңыз. Бір қайнап шыққан соң 1 ас қасық ұнтақталған інжірді салып, отын бәсеңдетіңіз. 5-10 минуттай баяу отта қайнау керек. Дайын болған емдік сусынды төртке бөліп, төрт рет ішкізесіз. Емді тамақтан кейін жүргізу керек.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: blog.altaimag.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Қандағы ҚАНТ мөлшерін ТӨМЕНДЕТЕТІН 4 әдіс


БАУЫРЫ ауыратындарға БҰЛ тағамдарды жеуге БОЛМАЙДЫ


Тілдегі ДАҚ мына АУРУ туралы айтады