​«Төркінімнен қуып жіберді»: Мөлдір Әуелбекова жаңа пәтерге келіні үшін көшкенін айтты

0
12 470

«Үй шаруасына нөлмін»


​«Төркінімнен қуып жіберді»: Мөлдір Әуелбекова жаңа пәтерге келіні үшін көшкенін айтты

Әнші Мөлдір Әуелбекова ұлының туған күніне сыйлаған жаңа пәтерге қоныс аударды.


«Құттықтаңыздар, 5 айдан соң ақыры үйдегілер шыдатпай, көшірді. Сыйдырмай, қуып жіберді, шынымды айтсам. Мен негізі үйде ештеңе істемеймін. Гүлназ деген көмекшім бар. Ол қазір жаттығуға кетті де, балаларға ас әзірлеп жатырмын. Шынымды айтайын, үй шаруасына нөлмін. Десе де Алла маған сол минусты толтыратын көмекші алуға мүмкіндік беріп қойды» деп жазды әнші.



Ол сондай-ақ, төркініне туған інісінің әйелі үшін көшіп кеткенін айтты.


«Жаңағы «үйдегілер сыйдырмады, көшіріп жіберді дегенім рас негізі. Бірақ үйдегілер болғанда, мамам мен папам емес. Үйде келін деген біреу бар, сол келінім ғой қуып шыққан. Өзі міне, қасымда отыр, жасаған тірлігіне ұялып, сіздерге қарамай отыр» деп әзілдеп күлді Мөлдір Әуелбекова.