​«Темірәлі перғауын»: Желіде мерейтойын ерекше образда тойлаған азаматтың видеосы қызу талқыға түсті

0
579

«Қазақтың батырлары құрып қалды ма?!


​«Темірәлі перғауын»: Желіде мерейтойын ерекше образда тойлаған азаматтың видеосы қызу талқыға түсті

Әлеуметтік желіде «Дау-дамайсыз» бағдарламасының жүргізушісі, журналист Гүлмира Әбіқай «Бұл Темірәлі перғауын» деген атпен видео жариялады.


«Қазақпыз ғой. Бір шетінен жақсы болды, лентаны ашып қалсаң жарқ ететін Бишімбаевтың сотынан теманы ауыстырайықшы. Менің оқырмандарым арасынан Темірәлі көкеміздің мерейтойына кім бар, қане, мойындаңдар» деп әзілдеп жазба қалдырды Гүлмира Әбіқай.


Видеодан жасы елуді алқымдаған белгісіз азаматтың Мысыр патшасы Перғауын бейнесіндегі киімді киіп алып, темір таққа отырып, тойхананың төріне кіргенін байқауға болады. Оны арнайы киімдегі адамдар көтеріп кірген, ал жан-жағында мысыр патшайымдары образыме киінген қыз-келіншектер қоршап, қошеметпен күтіп алған.


Бұл көрініс «Инстаграмда» қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары бұл мерейтойдың осыдан 2-3 ай бұрын Жаңаөзен қаласында өткенін айтты.


«Адам деген пенде екен, қуам десе демде екен, көкем алжыпты», «Қап, 50-ге сәл ерте толып қойыппын, әйтпесе Клеопатра боп шығар едім, білмей қалдым», «Еліктеп әйелдері ұйымдастырады, оған еркектері елітіп, жасай салады. Қайран әкелеріміз-ай, өмірден еркек боп өткен...», «Ақтаулықтарға не болған, намыс қайда?», «Мына кісі перғауынның кім екенін білмей қалған-ау», «Перғауын өзін Құдай санайтын, озбыр адам ғой. Осы образды таңдағаны өте өкінішті. Қазақтың батырлары құрып қалды ма?», «Жаным-ай, қазаққа мақтануды берсе алдына жан салмайды ғой», «Сүндеттеліп жатыр ма, бала сияқты таққа отырғаны несі?!», «Елуге келсе де ес кірмепті», «Несі бар, достарының арасында әзілдегісі келген шығар», «Мына кісі рөлге қатты кіріп, беріліп кетіпті» деп жазды көпшілік.