«Таңғы елесті» бірге айтайықшы!»: Сахнаға атып шыққан жігіт әнші Айгүл Иманбаеваға күш көрсетті

0
1 652

«Алып кетіңіздерші, кім бар?»


«Таңғы елесті» бірге айтайықшы!»: Сахнаға атып шыққан жігіт әнші Айгүл Иманбаеваға күш көрсетті

Отандық белгілі әнші Айгүл Иманбаеваның концертінде белгісіз бір жігіт сахнаға атып шығып, әншінің визиткасына айналған “Таңғы елесті” бірге айтуды талап еткен. Айгүл Иманбаева «Сценарий бойынша соңында айтамыз!» деп құтылуға тырысады. Әйтеуір, көмекшілерінің бірінің араласуымен алып кетті. Ал көрермендер арасында «Айтсайш» деп айқайлағандар бар.



Желідегілер «Әй жігіт, мықты болсаң, өткенде жалаңбұт жүрген Киркоровқа шықпадың ба», «Айгүлде нең бар, ол өзіңнің қазағың емес ме?», «Қайда, қалай жүретіндерін білмейтін ақымақтар», «Сразу қамау керек қой, не бұл, кім қаласа сахнаға шығып кетіп, білгенін істей берсе.. .Охрана да әлсіз және жалғыз екен... тәлтіректеп жығылып қала берген адамды қалай охрана етіп алған деймін де» деген сияқты комментарийлерін қалдырып жатыр.