«Сүйреп, сүйреп ақыры жеңімпаз қылды ма?» : Құралай Мейрамбек «Qazaqstan дауысы» атанды

0
11 265

«Өткен жылы барлығы нақты болған, осы жолы әділетсіз болды».


«Сүйреп, сүйреп ақыры жеңімпаз қылды ма?» : Құралай Мейрамбек «Qazaqstan дауысы» атанды

Құралай Мейрамбек – «Qazaqstan дауысы» жобасының 2021 жылғы жеңімпазы. Сәкен Майғазиевтің шәкірті «Qazaqstan дауысы» музыкалық жобасының жеңімпазы атанып, 5 миллион теңге иеленді. Сонымен бірге «Қазақстан» телерадиокорпорациясы әрі қарай Құралайдың өнеріне қолдау білдірмек.

SMS-дауыс беру нәтижесі бойынша:


1-орын – Құралай Мейрамбек
2-орын – Ерік Төленов
3-орын – Ернар Амандық
4-орын – Аружан Айдарбек иеленді.
Әйгілі «The Voice» тележобасының қазақстандық нұсқасы көрерменге жарты жыл бойы ұсынылып, рейтинг бойынша көш бастап келді. Музыкалық шоу әлемнің 140 елінде көрсетіледі.


Әлеуметтік желіде Құралай Мейрамбек пен тәлімгері Сәкен Майғазиевті құттықтап жатқандар көп. Солардың бірі – Гүлнұр Оразымбетова «Маған жеңіс алып келген әндердің Құралайдың әлемдік жобада жеңімпаз болуына себеп болғаны үшін бақыттымын!!!» деп ағынан жарылды. Ол бұған дейін «Таңшолпан» бағдарламасында Құралайға әпкелік сый-сыяпатын жасаған болатын.


Ал белгілі әнші Мадина Сәдуақасова: «Ураааа! «Qazaqstan дауысы» - Құралай Мейрамбек! Қобыз қыз, құттықтаймын шын жүректен!» - деп құттықтау тілегін жеткізді.

Ал Құралайдың Қызылорда облысы, Амангелді ауылындағы ауылдастары болса, жобаны далада үлкен экраннан тамашалап, жанкүйер болыпты.

Желідегі оқырмандардың арасында Құралайды құттықтағандардан бөлек, «Дым әділетсіз», «Әділетсіз өтті. Енді былай істейтін болсаңдар өткізбей ақ қойыңдаршы «Қазақстан дауысын», «Ерік алуы керек еді», «Лайық емес, әділетсіз», «Дауыс барған жоқ, ескерілмеді. Өткен жылы барлығы нақты болған, осы жолы әділетсіз болды. ӨКІНІШТІ (03 ке яғни Ерікке беріп едік)», «Дұрыс айтасыз! Ерік 1-орын, Аружан 2-орын алу керек еді», «Құралай ең әлсіз финалист болды, осыдан кейін әрине бәрі шетелге кетеді», «Сүйреп, сүйреп ақыры жеңімпаз қылды ма? Сөзім жоқ!», «Аружан Айдарбек лайық еді» деген сияқты пікірлерін жазуда.