«Өтірік тілмен шықты»: Qanay «Ол қыз» әнінің қалай шыққанын айтты

0
791

«Қанайский стиль»


 «Өтірік тілмен шықты»: Qanay «Ол қыз» әнінің қалай шыққанын айтты

Өзіне тән ерекше болмысымен, ән айту мәнерімен танылған жастардың бірі Нұрболат Қанай «Жақсы адамдарым» бағдарламасында хит болған «Ол қыз» авторлық әнінің қалай шыққанын айтып берді.


– Бұл ойластырылған стиль ме?


– Қандай стиль екенін білмедім, бір білерім, қанайский стиль. Артық кетіп жатсам, кешірім сұраймын. Сөзіне бәрі тиіседі. Әсіресе, «лақты» деген сөзге. Өзім Атырау облысы, Құлсары қаласынан болған соң бізде «лағып кетті, қуып кетті» деген диалект көп қолданылады. Негізгі ой депрессияға түсіп кеткен қыздар жайында. «Клубта ана қыз өзімен-өзі қуып, билеп жүр» дейді ғой. Сондай тақырыпта айтылған ән. Әні де, сөзі де, мотиві де өзімдікі. Әрлеген оралдық ініміз Ғизат Қалешов. «Кетті, лақты» өтірік тілмен шықты. Бірінші әуені солай шықты. Соған буыны сәйкес келіп қалды да, «Кетті, лақты» болып кетті.


– Әні қандай ерекше болса, клипі де ерекше. Тек қана осылай жүріп келе жатады. Жалпы қанша шақырым жүрдің?


– 4 дубль жасадым. Қанша жүргенімді білмеймін. Бұл бейнебаянды 15 мың теңгеге түсірдім. Үшқоңыр жақ қой. Барып-келуге, ішім-жемге кетті. Камераға 10 мың теңге бердім. Оның өзінде камера таныс інілерімдікі.

Сынды жақсы қабылдаймын.


– Кәсіби ақындарға бір қаратып алмадың ба?


– Ол кезде «Аллаһ тағала қашан бағымызды ашады?», «Үйдегі әке-шешеме қашан ақша апарамын?» деп жүрген кез. Дым жоқ. Тым құрығанда 1000 теңге тауып алсам екен деп жүрген кездер ғой. Сөйтіп алдым да, әнді шығарып, телеграмға салып жібердім. Бір қарасам, тик-токта хит болып жатыр. Жолдас балдар «Бұл әнді ақылы арналарға салайық, ертең біреу ұрлап алса жем болып қаласың» деді. Ары қарай командам құрылды, продюсер табылды. Кәсіби жұмыс жасап кеттік.

Бұдан басқа ақындармен ақылдасқан мағыналы жақсы әндерім бар. Бұл әннен бұрын «Азия» тобымен «Қандайсың, қандай?» дейтін әнім хит болған.


– Ол қыз кім? Прототипі бар ма?


– Ол қыз менің өмірімде жоқ. Жалпы өмірде сондай жағдайлар кездеседі, - деді хит әндердің авторы һәм орындаушысы.