Нұрболат Абдулиннің үшінші баласы өмірге келді

0
1 397

Әбдіжаппар Әлқожа: "Өмір табалдырығын аттаған сәбиіңнің бауы берік болсын!"


Нұрболат Абдулиннің үшінші баласы өмірге келді

Көпшіліктің сүйіктісі Нұрболат Абдуллин үшінші рет әке атанды. Мұны оның өнердегі әріптесі, досы Әбдіжаппар Әлқожа өзінің желідегі парақшасында жариялады. Ол алдымен досын туған күнімен құттықтап, одан кейін кішкентайға тілек арнаған.

Әбдіжаппар Әлқожа: "Өнер әлемінде ешкім емес,жәй ізденістегі,екі пысық) баланың өмір,өнер жолы достықпен басталып! Бір бірінен шабыт алып,бір бірінен ізденіс қарап.Шаршаған сәтте досым деп күш бере келіп!бүгінгі таңда да сол достыққа сызат түспей. Тек түсінікпен,талғаммен талантты тағылымның арқасында төбеміз елдің ішінде көрініп жүр. Арамыздан ала мысық талай өтті! (Жоқ емес) Жау деді,жаман деді кей бір жұрт. Сыртымыздан неге деген сұрақтар да сан жауды. Бір-ақ көзбе көз келгенде,жүздескенде тек достық биік тұрды және біз соны сақтап жүрміз деп ойлаймын. Алла разылығы үшін бір бірін жақсы көрген достар деген біз шығармын бәлкім. Алла ғұмырыңды ұзақ етсін. Сендегі болмыс,қалып,қағида Эстрадада жоқ бітім. Оны мен жақсы түсінемін және өзімізге ғана аян,жақсы көрушілік бар. Қасиетті Рамазан айында келген төл мерекең құтты болсын досым! @nurbullin Алдымызда алып ағалар бар! Өнерде өнеге болатын. Өмірде өрнек бола білген. Сол ағалардың жолын жалғап,ертеңгі інілерге еңселі аға болуымызды жазсын Aлла. Жаңа жасың! Жаңа көлігің! Өмір табалдырығын аттаған сәбиіңнің бауы берік болсын! @faridush_zh екеуің бақыттың базарында балдай тәтті өмір сүріңдер".

Әншінің өзі де кішкентаймен сурет жүктеп, "Өмірдің бір қызығы бала" екенін айтқан. Оны естіген әріптестері мен жанкүйерлері жақсы тілектеріп жарыса жазып жатыр.