"Мені екі жыл бойы іздепті": Нұрболат Абдуллин өзін іздеген тыңдарманымен жолықты

0
924

Әнші Нұрболат Абдуллин Қостанай қаласында өзінің тыңдарманымен жолықты.


Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады. Нұрболаттың айтуынша, бейтаныс тыңдарманы екі жыл бойы іздеп, әншіге хат жазған. Алайда хат әншіге жетпеген. Төсек тартып ауырған сәтте Нұрболаттың әндері арқылы жақсарып, аяқ басып жүре бастаған.


Әнші Қостанайдағы кешінен соң осы тыңдарманының үйінде қонақта болып, алғысын тыңдады.



"Бұл кісіні танымаймын. Алдымен Алла тағаланың арқасы. Жақсылыққа себеп болып жатсақ, шүкір. Аман болайық" деп жазды әнші парақшасында.


Желі қолданушылары әншінің бұл әрекетіне сүйсінді. "Әніңіз шынымен де керемет", "Елдің алғысын алып жүре бер", "Сені халық болып жақсы көреміз" деп пікірін білдірді.