​«Күлімхан апаның шапанына таласып қалды»: "Келінжанның" продюсері мұражай ашқысы келетінін айтты

0
1 258

«Келінжан " түсірілген үйді сатып алғым келеді"


​«Күлімхан апаның шапанына таласып қалды»:


«Келінжан» телехикаясы түсірілген арнайы үйді іздеп баратындар көп екен. Бұл туралы телехикаяның продюсері Гүлнұр Мамасарипова айтты.


«Маған «Гүлнұр апай, «Келінжанды» түсірген үйді сатып алыңызшы, қымбат емес шығар?» деп айтып жатыр. Жалпы, өте тамаша идея. Ол үйдің әр бұрышы «Келінжан» үшін тарих қой. Сондықтан болашақта сол үйді мұражайға айналдырғым келеді. Әрине, үйдің қожайындары келіссе ғана. Ол үйде қазір өз иелері тұрып жатыр. Келіні бар, екі ұлы, немерелерімен бірге тұрады. Бере ме, бермей ме, сөйлесіп көру керек.


Жалпы, біз «Келінжанды» түсіріп жатқанда автобус-автобус боп адамдар келеді, актерлермен суретке түсу үшін. Кеше ғана бір қыз «Келінжан» түсірілген үйді көре кетейік деп соғып едік, бос боп тұр. Ешкім жоқ екен, қаңырап қалыпты, жылап қалдым» деп жазып жіберіпті. Көрермендердің соншалықты аңғал, ақкөңіл мінезіне тәнтімін. Сонда ол қыз актерлер әлі күнге дейін сол жерде тұрып жатыр деп ойлап қалған ғой» деді Гүлнұр Мамасарипова.


Продюсер «Келінжан» телехикаясында әртістер киген киімдерді «Инстаграм» парақшасы арқылы сауалнама жүргізіп, ең ұтымды әрі әсерлі етіп жауап берген оқырманға таратып жібергенін айтты. Әсіресе Күлімхан апаның киіміне ерекше қызығушылық танытып, ырымдап сұрағандар көп болыпты.


Еске сала кетейік, биыл «Келінжанның» бесінші маусымы көрерменге жол тартты. Ал ертеңнен бастап барлық кинотеатрларда «Келінжанның» толық метражды фильмі көрсетіле бастайды.