​«Қолыңды тарт, өзіңді сат!»: Әнші Меруерт Түсіпбаева Азамат Сатыбалдыны сынға алды

0
793

«Крышам плотный» дегендер абақтыда отыр»


​«Қолыңды тарт, өзіңді сат!»: Әнші Меруерт Түсіпбаева Азамат Сатыбалдыны сынға алды

Әнші Меруерт Түсіпбаева "Инстаграм" парақшасына актер Азамат Сатыбалдыға арнап пост жазды.


«Кезінде, Азамат Сатыбалды, Есентаеваның «Баян сұлу - Қозы Көрпеш» сериалын сынағанымда, мені «хайп қуып отыр» деп сұхбат беріп едің! Ақыры ол сериалды көрсетуге тыйым салынды. Енді, «КТК» - ға сұхбат беріп , «Мен өзімді сатам ба, оны өзім білемін» депсің , «пажалыста», өзіңді сат! Қара шаңырақтан қолыңды тарт! Менің атам, Шәкен Айманов атындағы қара шаңырақтың ауласын «қытайдың көліктеріне толтырам ба, оны жарнамалаймын ба, өз еркім» депсің! Қытай көлігін кіргізгенің – қақпаны қытайларға ашқаның! Ойлан, баста дәурен тұрмайды, бауырым. Асыра сілтеме! Қаншама «крышам плотный» дегендер абақтыда отыр. Арыстанбектің өміріне үңіл. Сенен бұрын да «Қазақфильм» болған, Қытайдың көліктерін аулаға қоймай-ақ күн көрген. Қолыңнан келмесе - орынды босат! Өз еркің содан кейін, Қытайдың көлігін сат, өзіңді сат. Тек арыңды сатпа , бауырым. Ақша табылады ғой, абырой қымбаттырақ!


«Қазақфильмнің» тұрған жері мықты, талай ашкөз үй саламын деп көз тігуде, ол да бар... кім біледі? Қай мақсатпен Азамат Сатыбалды қара шаңырақты қытай «авторыногына» айналдырып отыр?! Сұрақ көп, сен «Қазақфильмді» құрдымға кетіріп, бай-бағландар үй, вилла салу үшін келдің бе? Шыныңды айт, аспаннан жерге түс!» деді Меруерт Түсіпбаева.


Айта кетейік, күні кеше ғана Қуандық Дүйсенбаев есімді актер әлеуметтік желіге «Қазақфильм» ғимаратының аумағында қытайлық көліктердің қаптап кеткенін айтып, басшысы Азамат Сатыбалдының жұмысына көңілі толмайтынын жеткізген еді.


Артынша бұл жағдайды «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті, актер Азамат Сатыбалды түсіндіріп берген. «Қазақфильмнің» президенті ретінде менің басты міндетім - 178 адамның айлығын тауып беру. Жалға берем бе, өзімді сатам ба, жоқ әлде басқа да жұмыс істеймін бе, жалпы, менің міндетім. Сондықтан мен осындай жұмыстар арқылы 178 адамның айлығын тауып беруім керек. Бұл - кәдімгі таксопарк. Бұл жерде ешқандай көлік сатылмайды. Бұл - автосалон емес» деп жауап берді ол.