​«Қазақтың «достойный» келіні»: Төреғали Төреәлі әйеліне су жаңа көлік сыйлады

0
3 796

«Енді осы көлікпен жол ережесін бұзбай жүріңдер!»


​«Қазақтың «достойный» келіні»: Төреғали Төреәлі әйеліне су жаңа көлік сыйлады


Төреғали Төреәлі әйелі Толқын Тұрарбекқызына бағасы 34 миллион теңге тұратын "Lexus RX" көлігін сыйлады. Жұлдызды келіннің қуанышын бөлісуге Төрештің ата-анасы, қарындастары, ұл-қыздары келген.


«Толқын менің мән берген өміріме,

Құтты болсын айтайық көлігіне.

Анамды той-думанда ап жүрсін деп,

Ат мінгізіп жатырмыз келініне!» - деп жазды Төреш әнші.


Әншінің тыңдармандары су жаңа темір тұлпарды тізгіндеген Толқынға ақ тілектерін арнады. «Игілігіне мінсін», «Тамаша сыйлық екен, Толқын мұндайға лайық келін», «Права кетті сотталып, Қалдым енді тоқталып, Тасысын деп өр-қырға, Көлік алдым Толқынға десейші одан да», «Толқынның еңбегі адал, тұлпары астында тозсын», «Енді осы машинаны жол ережесін бұзбай айдаңдар!», «Қазақтың достойный келіні ғой, көлігі құтты болсын» деп жазды көпшілік.