​«Дизайнерліктен қатынға айнала алмаймын»: Аида Кауменова екі күйеуінен ажырасуының себебін айтты

0
8 664

«Маған гүл емес, көңіл сыйлайтын адам керек»


​«Дизайнерліктен қатынға айнала алмаймын»: Аида Кауменова екі күйеуінен ажырасуының себебін айтты

Елімізге ғана емес, алыс-жақын шет елдерге танымал киім дизайнері Аида Кауменова «Жұлдызды шаңырақта» бағдарламасына сұхбат беріп, жеке өмірі, тыныс-тіршілігі жайлы айтып берді.


«Тағдырдың жазуымен екі рет тұрмыста болдым. Алғашқы күйеуіме 30 жасымда, екіншісіне 40 жасымда шықтым. Екінші енем өте жақсы адамдар еді, ерке келін болдым. Ұйқыдан тұрсам енем бәрін істеп қоятын. Мінезі қатал болғанымен мені барынша еркелетті, қызметте жүргенімді түсінді. Бірге көп тұрмадық, біз Алматыда, олар Шымкентте болды.


Ал күйеуіммен төрт жыл бірге тұрдық. Өмір болғаннан кейін солай болды, екіге айырылдық. Мен негізі, шыдамды адаммын. Көп нәрсеге шыдаймын. Бірақ, шыдам шегіне жеткенде кері шегіне алмаймын. Әйел көп нәрсені кешіре алады, бірақ оны ешқашан ұмытпайды. Ұмытса сол қателікке қайта ұрынуы мүмкін.


Әйелдің бақыты тек ер адаммен байланысты емес. Иә, қазір менің күйеуім жоқ шығар, кейбір сәттерде қиын болуы мүмкін. Бірақ менің ең қымбатты бостандығым бар. Мен мысалы, сыртта ұлы дизайнер болып жүріп, кешкісін үйге келген соң қазан-ошақтың басындағы қатынға айнала алмаймын. Сондықтан мені түсінетін, бағалайтын, мың рет қателік жасасам да менің қателігімді бетіме баспай, қолдау білдіретін ер-азамат керек. Қазір менің жүрегім бос. Бірақ, бос екен деп іздеп те жүрген жоқпын. Жігіт туралы ойлауға уақытым жоқ», - деді Аида Кауменова.


Айта кетейік, Аида Кауменованың анасы орыс, әкесі қазақ. Қазір бір қыз тәрбиелеп отыр. Қызы Жәмила қазір Швейцарияда білім алып жатыр. Аида Кауменованың қолынан шыққан ең арзан киім 65 мың теңгеден басталады екен.