​Димаш Құдайберген «Қазақстанның Халық әртісі» атанды

0
703

Мемлекет басшысы өнер адамдарын мемлекеттік наградалармен марапаттады


​Димаш Құдайберген «Қазақстанның Халық әртісі» атанды


Республика күні қарсаңында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мәдениет саласында еңбек етіп жүрген бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.


«Қазақстанның халық әртісі» атағын Димаш Құдайберген алды. Одан бөлек еліміздің көрнекті мәдениет қайраткерлері, театр және кино актерлері Дінмұхаммед Ахимовқа, Михаил Токарев пен Дулыға Ақмолдаға, опера әншілері Шахмардан Әбілов пен Талғат Күзенбаевқа, атақты әншілер Рамазан Стамғазиевке және күйші Айгүл Үлкенбаеваға да «Қазақстанның халық әртісі» атағы берілді.


Сонымен қатар, айтыс өнерінің дамуына ерекше үлес қосқан ақын Жүрсін Ерманға «Отан» ордені табысталды. Ал Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік академиялық қазақ театрының актері Ұлан Үсіпәлі «Парасат» орденін алды.


Төлен Әбдікұлы, Смағұл Елубаев, Бексұлтан Нұржекеев, Софы Сматаев, Ахметжан Аширов және Любовь Шашкова сынды жазушылар «Қазақстанның Халық жазушысы» атағын иеленді.