​«Дап-дардай әйел... Тәлпіштік... Ұят-ай...»: Айгүл Иманбаеваның видеосы желіні шулатты

0
1 406

«Мені Дулат ағаммен бір күш байланыстырып тұр»


​«Дап-дардай әйел... Тәлпіштік... Ұят-ай...»: Айгүл Иманбаеваның видеосы желіні шулатты


Актриса, әнші Айгүл Иманбаева тыңдармандарының сынына ұшырады. Ол өзінің «Инстаграмдағы» парақшасына жазушы, драматург Дулат Исабековке еркелеп отырған видеосын жүктеген болатын.


«Жалпы, адам баласы басқа адамның бойынан нені көргісі келсе, соны көреді. Мені Дулат ағаммен қандай күш байланыстырып тұрғанын бір Аллам және ет жақындарым біледі. Дулат ағама барып, мауқымды басып қайттым. Ағау, Алладан амандығыңызды тіледім» деп жазды әнші.


Айгүлдің бұл видеосы желі қолданушыларының ашуына тиген сияқты. «Қапсыра құшақтамай-ақ жақсы көруге болмай ма? Осы сенің сағынып, мауқыңды басқаның қызық екен, әкеңдей адам ғой, ыңғайсыз тіпті», «Дап-дардай қатын, тәлпіштеніп, ерсі тіпті. Осы Сәбиттің қатындарының бәрі тәлпіш», «Әкемізге де осылай асылып еркелемеппіз, төсіңді тигізгенің ерсі енді», «Әкесін сағынған шығар», «Рухани ағаң ыңғайсызданып отырған сияқты» деп жазды көпшілік.