«Бері кел, ей, шешең…»: Желіде "Төреғали Төреәлі бір жігіттің қабағын жарды" деген видео тарады

0
2 882

«Көзін шығаруға сәл қалыпты»


«Бері кел, ей, шешең…»: Желіде

Әлеуметтік желіде белгілі отандық эстрада әншісі Төреғали Төреәлінің белгісіз бір жас жігіттің "ұрып қабағын жарды" деген видеожазба тарады.

Видеода қабағы жарылған жігіт пен «шешесінен» балағаттаған әншіге ұқсайтын жігіт байқалады. Оның бұл әрекетін жігіттің жанындағы топ растап тұр.

Маңдайынан қан сорғалаған жас жігіт «111» нөмірлі көлікпен келіп, еш себепсіз ұрып кеткенін айтады.

ЕСКЕРТУ! БЕЙНЕЖАЗБАДА БЕЙӘДЕП СӨЗДЕР БАР!


«Төреғали Төреәлі еш себепсіз осылай тап берді. Біз куәгерміз. Ол 111 нөмірлі көлігімен келді», - дейді видеодағы "куәгерміз" дегендер.

Бұл бейнеүзікте атқа мініп алған жігіт өзімен жанжалдасқан жігітке балағат сөздер айтып, «Бері кел, ей, шешең...», - деп қайтадан төбелеске шақыруда.

Ел аузындағы елеулі әншінің бұл "әрекетіне" желідегілер түрлі жорамал жасауда. Бірі Төреғалидың қылығын хайпқа баласа, желі қолданушыларының енді бір тобы өнер иесін сынап жатыр.

«Осы-ақ ұрынады да жүреді екен», «Ол әбден тойған бәле ғой. Мінезі жақсы емес. Шегірткенің айғыры», «Ақшаның буымен кеудесіне нан піскен ғой. Кішкентай балада не жұмысы бар? Көзін шығаруға сәл қалыпты», «Төреғали тағы атағын шығарғысы келіп жүрген шығар», «Төреғали болса өзіне, бұрынғы шуларынан кейін сабақ алмапты» деп ашулануда желідегі жұрт.