«Бәрін жұта береміз бе?!»: танымал актер Асқар Жұмабек түрмеден хат жолдады

0
1 981

«Мені қолдап отырған әйелдерге рахмет»


«Бәрін жұта береміз бе?!»: танымал актер Асқар Жұмабек түрмеден хат жолдады

Көпшілікке «Рауза» және «Ақ жауын» сериалдары арқылы танылған актер Асқар Жұмабековтің түрмеде отырып жазған хаты өзінің «Инстаграм» парақшасында жарияланды.


«Түн. Тым-тырыс. Түрлі ойлар. Анамды, әкемді, бауырларымды, жақындарымды, сіздерді сағындым. Күйбең тірлік деп жүгіріп жүрсіңдер ме? Иә, бір жағынан тірі адам тіршілігін жасайды. Бұл – заңдылық.Бізде, мұнда да солай. Бәрі режиммен. Таңның атысы, күннің батысы, қайталанатын дүние. Бостандықта жүрген кезімді сағындым. Әлі күнге дейін мұнда қалай тап болғанымды ұға алар емеспін.


Кеше бір жаңалық естідім. Әлгі, Түркістандағы 5 жасар қызды зорлаған езге 2 жыл шартты жаза берді дей ме? Әлде мен шалыс естідім бе? Қызық, ә?! Менің жағдайымда осынша уақыт. Осының бәрін жұта береміз бе?


Жалпы, мені қолдап жатқан адамдардың 80 пайызы әйелдер қауымы. Сіздерге Алла разы болсын! Бауырлар, сіздер ше? Үстемдіктерің қайда? Ел ағалары, сіздер ше? Бір бауырларыңа қол ұшын созуға жарамай қалдыңыздар ма?» деп жазды ол.


Айта кетейік, Алматыдағы караоке-барлардың бірінде бірінде қонақтар мен мекеме қызметкерлері арасында жанжал болып, арты төбелеске ұласқан. Олардың ішінде сотталушы Асқар Жұмабеков те болған.


Караоке-бардың күзетшілері мен ди-джейі, сондай-ақ барда болған олардың таныстары жәбірленушілерді ұра бастаған, олар қашуға мәжбүр болған. Алайда сотталушылар оларды көшеде қуып жетіп, төбелесті жалғастырған. Асқар Жұмабековтің бұған дейін де адам ұрып-соққаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны себепті, жазасы ауырлап, 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды.


Ол сот барысында ел Президентінен араша сұрап, видеоүндеу жолдаған болатын. Өнер адамдары да әріптестеріне араша сұрап еді, алайда, одан ешқандай нәтиже шықпады.