​«Барақта тұратын кедейдің қызын алдық»: актриса Гүлшат Тутова кедейлікпен күресіп жүргенін айтты

0
26 505

«Кедей болсаң, ешкімге керек емессің»


​«Барақта тұратын кедейдің қызын алдық»: актриса Гүлшат Тутова кедейлікпен күресіп жүргенін айтты


Актриса Гүлшат Тутова әртістіктен бөлек желілік маркетингпен айналысып жатқанын айтты. Және өзін «саудагер», «сетевик» деп сынағандарға жауап берді.


«Кішкентай кезімнен «сен кедейсің» деген сөзді көп естіп өстім. Айналам «сен кедейдің қызысың» дейтін. Келін болып түскенде «барақта тұратын кедей жердің қызын алдық» дейтін. Мен өмір бақи кедейлік деген сөзбен күресіп келем. Өмірдегі Алла бұйыртқан напақамды тауып келем. «Актриса болсам өмірім керемет болады» деген арман мені осы күнге дейін жетелеп келеді.


Шын жүректен шыққан арман, адамға энргия береді екен. Энергия келсе әрекет жасай бастайсың. Арманың орындалмай энергияң таусылмайды екен. Мен қатты армандадым, мен бай, қуатты болам деп. Әжем айтып отыратын «жас күніңде пейнет бер, қартайғанда дәулет бер» деп. Сол дәулетті аңсаймын. (Дулет деген сөздің мағанасы терең). Мен осы сөзге қосыламын. Қазіргі заман ұялатын заман емес. Анам айтатын «есектің к* тін жу да дүние тап» деп. Қазір кедей болшы, ешкімге керек емессің. Туған-туыс, дос-жаран, бәрі сенен қашып кетеді. Бар болсаң ғана абыройың асқақтайды. Қазір мені «сетевойда жүр, «айбыыый» деп» күліп жатқандар көп. Күле беріңіздер. Орыстардың мақалы бар ғой, «кто смеётся хорошо, тот смеётся последним» деген», - деді ол.


Актрисаның кедейлік туралы жазбасы көпшілік арасында қызу талқыға түсті. «Сіз кедей емессіз, сіз өте байсыз! Қазақстанға танымал актрисасыз, деніңіз сау, жанұяңыз аман, одан асқан байлық бар ма?», «Бір компанияны жарнамалаймын деп өзіңнің кедейлігіңді әшкере етудің қажеті жоқ. Совет заманында кедейлер көп болды, бұл жаңалық емес» деп жазды Гүлшат Тутованың оқырмандары.