​«Азғырушылар аз болған жоқ»: Гүлзира Айдарбекова келінін туған күнімен құттықтады

0
6 490

«Жұлдыздың бұл келіннен несі кем?»


​«Азғырушылар аз болған жоқ»: Гүлзира Айдарбекова келінін туған күнімен құттықтады


Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова екінші келініне арнап әсерлі жазба жариялады. Ол келінін туған күнімен құттықтады.


«Айналдым ақ келінімнен! Жаным сол, бүгін сенің туған күнің! Алла саған ғұмырлы да мәнді, ұзақ өмір жазсын! Менің түсінгенім, өмірлік жарын жүрегінің пәктігімен шын сүйген келін, күйеуінің ата-анасын өзінің ата-анасындай, оның бауырларын өз бауырындай уақыт өте келе қабылдай біледі екен. Ата-анаға деген құрметті бізге сезіндіре алғаның үшін, бізге деген жылылығың үшін біз сені отбасымызбен жақсы көреміз. Оны бақылап отырған оқырмандарым да, сені көп мақтай бермесем де байқап жатқандары шындық. Мақтауға тұрарлықсың, тек көз тимесе екен деген ниетпен... мақтауға қорқақтайтыным да рас. Азғырушылар да аз болған жоқ, бірақ соның бәріне жол бермей, даналығын айтып, тәрбие беріп отырған Дана құдағиыма, Алихан құдама мың алғыс! Айгерім, Аян екеуің 100 жасап, ұрпақтарыңның бақытын көруді жазсын Алла!» - деді Гүлзира Айдарбекова.


Продюсердің бұл жазбасына әдеттегідей пікір білдіргендер өте көп. Арасында екі келінді салыстырушылар да аз емес. «Жұлдыздың бұдан несі кем, оны да мақтап тұрыңыз», «Түк мақтамаймын дейсіз, ылғи осы келінді мақтайсыз ғой. Жұлдыз бұл келініңізге қарағанда көп қиыншылық көрді ғой. Айгерім келініңіз атақ, абырой бар кезде келді. Жұлдызды артық көрмесеңіз де, бірдей көрсеңіз не етті?», «Расында да осы келініңіз тым жақсы, бақытты болсын!», «Негізі осы кісі келіндері жайлы бірдеңе айтқысы келеді иә? Бірақ осы келінін шынымен жақсы көреді екен. Туған күні құтты болысн!» деп жазды көпшілік.