​«Алишерге керемет сыйлық болды»: Алтынай Жорабаева бесінші перзентін өмірге әкелді

0
4 939

«Осы сәбиін ұзақ күтті»


​«Алишерге керемет сыйлық болды»: Алтынай Жорабаева бесінші перзентін өмірге әкелді

Әнші Алтынай Жорабаева бесінші перзентін өмірге әкелді. Сүйінші жаңалықты өнер иесінің әріптесі Бота Бейсенова «Инстаграмда» хабарлады.


«Ура! Сүйінші, достар! Алтошым аман-есен босанып, аяқ-қолын бауырына алды! Аллаға шүкір! Тілеулес болып, күтіп жүр едік. Көтере алмай, осы сәбиін ұзақ күткенін білемін. Алишерге Жаңа жылға керемет сыйлық болды деп ойлаймын. Алтошым, 5 перзенттің анасы атануыңмен! Алла көпсінбесін, көз тимесін! Нәрестенің бауы берік болсын. Сендердің көз қуаныштарың болып, бақытты балапан боп өсе берсін» деп жазды Бота Бейсенова.


Алтынай Жорабаева қыз босанды. Айта кетейік, әнші бірнеше жыл бұрын жұбайы, актер, режиссер Сәбит Әбдіхалықовтан ажырасып, төрт қызымен Астанаға қоныс аударған болатын. Ал 2020-жылы қазіргі жұбайы Алишерге тұрмысқа шықты. Енді олар бес қыздың ата-анасы болды.