"Айтқан сөз өзіңізге қайта тиіп жүрмесін!": Аяғы ауыр Ақерке Тәжібаева оқырманы жазған хатқа мұңайып қалды

0
4 091

"Адамдар аузына келгенді айтады"


Танымал қобызшы Ақерке Тәжібаева өзіне келген хатты оқып, мұңайып қалған. Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасында айтты.

"Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді….
Жақында дайректке бір оқырманнан хат келді, сол хаттан кейін күні бойы көңіл күйім болмай, ойымның бәрі шашыраңқы, өзімді нашар сезініп жүрдім.
«Абайлап сөйле, дұшпанның бірі -тіл, өзіңе жеңіл болғанмен өзгеге ауыр зіл»- дегендей, кімге болсын жазар алдында дұрыстап ойланып барып жазған жөн болар, себебі адамның көңіліне қатты тиіп кетуі мүмкі ғой. “Өмір-бумеранг”- дегендей, айтылған не жазылған сөздеріңіз өзіңізге немесе жақындарыңызбен балаларыңызға қайта тиіп жүрмесін!
Адамның көңіліне қарап сөйлеу керек деп ойлаймын, яки өзіңізді сол адамның орнына қойып, бір мезет сол кісінің қандай күй кешетінін сезініп көру керек шығар.
Қазір менің аяғым ауыр..... Аяғы ауыр келіншектердің жандүниесі өте нәзік, сезімтал болып келеді ғой, кез келген айтылған сөзді жүрегімізге қатты қабылдап қаламыз.
"Ащы тілдің захары, жылан уынан күшті"- деп бекер айтылмаған болар. Қамшының сабындай қысқа өмірде жақсы ниетте болып, бір бірімізді ренжітпейікші достар" — деп жазған Ақерке оқырманның нақты жазғанын жазбаған.

Бірақ мұны оқыған желі оқырмандары ол хаттың көңіл көншітпейтінін сезген сияқты. Олар қобызшы қызға сабыр тілеп, аман-есен босанып алуына тілектестік білдірді.