​«8 суретімді фарфор ыдысқа тапсырыспен салғызған»: Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділов сыйлаған соңғы сыйлықты көрсетті

0
7 947

«Әй, осы қатындарды бар ғой... ештеңе жасыра алмайсың» деп таңғалды»


​«8 суретімді фарфор ыдысқа тапсырыспен салғызған»: Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділов сыйлаған соңғы сыйлықты көрсетті

Әнші Мақпал Жүнісова үйіне келген қонақтарға күйеуі Заманбек Нұрқаділовке арнаған шағын мұражайды көрсете отырып, ең құнды сыйлығымен мақтанды.


«Мынау Зәкеңнің соңғы, 40 жасыма сыйлаған сыйлығы. Бір жігіт менен 8 сурет сұрап келді. «Не істейін деп жатыр? Не сыйламақшы?» деп сұрап едім, «Айтпа деп еді...» деп қипақтады. Қоймай сұрап алдым. Сөйтсем Зәкең менің суреттерімді фарфор ыдыс-аяққа түсірткізгісі келіпті. «Украинаға тапсырыс беріп жатыр, соған жібермекші» деді әлгі жігіт. Мен Мерейдің 40 күндік шілдесінен шыққан суретімізді, сосын Зәкеңнің 30 жасында түскен суретін қосып беріп жібердім. Сөйтсем олар Зәкеңнің жас кезіндегі суреті мен менің суретімді қосып, ыдысқа түсіріпті.


Зәкең 40 жас туған күнімде подаркасын ашып, пысылдап, ыдыстардың қорабын аша бергенде ең бетінен үлкен тәрелке шықты. Бетінде Зәкең екеуміздің суретіміз тұр. Шошып кетті. «Ойбай, мына суреттерді кім берген?» деп таңғалды. Сосын мен айттым, «По секрету біліп алдым» деп күлдім. Сонда Зәкең «Әй, осы қатындарды бар ғой... сендерден ештеңе жасыра алмайсың. Сюрпиз сломала» деп күлді. Адамның суреті салынған ыдыс-аяқты қолдануға болмайды екен ғой, сондықтан мен мұны мұражайға естелік, тарих ретінде қойып қойдым» деді Мақпал Жүнісова.


Әншінің тыңдармандары мен әлеуметтік желідегі оқырмандары бұған байланысты өз пікірлерін жазды. «Бірінші отбасында мұндай естеліктер жоқ шығар. Керемет, Мақпал апамыз бәрін сары майдай сақтап отыр. Басқа біреу болса, өзі жоқтың көзі жоқ деп құртып, сатып жіберер еді», «Сырын ұшырмай тап-тұйнақтай ғып ұстап отырған Сізге Алла амандық берсін!», «Мақпал апай әңгіменің майын тамызып айтады», «Заманбек ағамыз әйелін шын сүйген екен, мұндай сыйлықты ойлап, жасату екінің бірінің ойына келе бермейді» деп жазды көпшілік.