​ҰЙҚЫ БЕЗІ ауруын МЫНА ТӨРТ әдіс ЕМДЕЙДІ

0
180 492

Бойыңызды дендеген аурудан 10 күнде құлан таза айығасыз.


​ҰЙҚЫ БЕЗІ ауруын МЫНА ТӨРТ әдіс ЕМДЕЙДІ

фото: recepty-zdorovia.com

Егер сіздің ұйқы безіңіз ауырса оның соңы панкреатитке (ұйқы безінің қабынуы) ұласады. Ол тез жазылмайды. Емі де ұзақ уақытты қажет етеді. Бірнеше дәрілердің тізіміне қоса, арнайы диета да ұсынылады. Сіздің сүйікті тағамдарыңыздың кейбірінен бас тартқыңыз келмесе, халықтық жолмен дертіңізге дауа табыңыз. Ол үшін мына 4 емді қолдансаңыз болғаны. Ауруыңыздан әп-сәтте-ақ айығасыз.


Ұйқы безі ауруының белгілері:

  • оң және сол жақ қабырғаның асты ауырады;
  • іш өтеді;
  • іш кеуіп, желденеді;
  • жиі кекіру мазалайды;
  • жүрек айниды.

Егер сізді осы белгілер мазаласа, уақыт оздырмай тексеріліңіз. Қажетті ем-шараларын жүргізуді кейінге қалдырмаңыз. Егер дәрігерге баруға уақыт таппасаңыз, онда біз ұсынған мына емді жасап көріңіз.


АСКӨК ДӘНІ

Емдік тұнбаны дайындау үшін 1 шай қасық аскөк дәнін 200 мл қайнаған суға саласыз. Ыдыстың қақпағын мықтап жауып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 1 сағаттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, бір жұтымнан күні бойы ішесіз.


СҰЛЫ БОТҚАСЫ

Әжелеріміз ұйқы безін сұлының көмегімен емдегенін біріңіз біліп, біріңіз білмейтін боларсыз. Сұлының қайсы түрі болса да ұйқы безіне шипа болатын қасиетке ие екендігі дәлелденген.

Ем үшін 1 литр суды отқа қоясыз. Қайнап шыққан соң жарты кесе сұлы ұнтағын салыңыз. Баяу отта 10-15 минуттай қайнау керек. Белгіленген уақыттан соң отын өшіріп, ыдыстың қақпағын жауып қоясыз. Дайын болған ботқаны таңғы асқа жейсіз. Емді күнде таңертең 1 апта үзбей жүргізесіз.

Ескеріңіз! Ботқаға май да, тұз да, қант та қосуға БОЛМАЙДЫ!


ЛИМОН мен САРЫМСАҚ

Бұл рецепт те ұйқы безі ауруына ем болады. Оны дайындау үшін:

  • 2-3 дана лимон
  • 3 бас сарымсақ
  • 100 гр. ақжелкен қажет.

Панкреатиттен біржолата құтылғыңыз келсе, осы емдік қоспаны әзірлеңіз. Алдымен қажетті заттардың бәрін тазалап жуып, блендермен ұсақтайсыз. Біркелкі езілген қоспаны шыны ыдысқа салып, тоңазытқышқа қойыңыз.

Дайын болған қоспаны тамақтанудан 15 минут бұрын қабылдайсыз. Емді 3 ай жалғастырасыз. Сосын 2 ай үзіліс жасап, саулығыңызға қарай емді жалғастырасыз.


ҚАРАҚҰМЫҚ

Ұйқы безі ауруына қарсы тұратын – қарақұмық екенін білесіз бе? Бойыңызды билеген аурудан 10 күнде құлан таза айығасыз.

Ол үшін 10 күн бойы кефирге бұқтырылған қарақұмық жеуге әдеттеніңіз. Ботқаны дайындау үшін 1 стақан қарақұмық жармасына 0,5 литр кефир құясыз. Қақпағын жауып, түнге қалдырасыз. Таңертең жақсылап жидітілген қарақұмықты таңғы асқа жейсіз.

Егер тым көп тамақ жеуге үйренбеген болсаңыз, бұл мөлшерді екіге бөліп, таңертең және кешке жеуге де болады. 10 күннен соң емді тоқтатасыз. Арада 10 күн өткізіп, қажет болса тағы қайталаңыз.


Ардақты оқырман, бұл әдісті қолданғаннан кейін 2-3 күнде оң нәтижесін көресіз. Қабырға астының ауырғаны басылып, өзіңізді жайлы сезінесіз. Сонымен қатар, үлкен дәретке де қалыпты барып жүргеніңізді байқайсыз. Әрі теріңіз тегістеліп, бетіңіз тазарады. Осынау сұлулыққа ие болғыңыз келсе, бұл әдісті байқап көріңіз.


фото: интернеттен алынды


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.

Дереккөз: headinsider.net


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Емізулі АНАЛАРДЫҢ ісінген КӨКІРЕГІН мына 5 ӘДІСПЕН емдеңіз


ИММУНИТЕТТІ бір күнде КӨТЕРУГЕ болады