Жыл басынан бері 198 адам суға батып кетті

0
630

Түркістан облысында шомылуға тыйым салынған 111 жер бар.


Жыл басынан бері 198 адам суға батып кетті

Жыл басынан бері аймақтың су айдындарында 52 төтенше жағдай тіркелген, деп жазады zakon.kz.

Кешегі оқиғаны есепке алмағанда, облыста 10 адам суға батып мерт болған.

Судағы оқыс жағдайлардың ел бойынша статистикасы көңіл көншітпейді.

Жыл басынан бері 198 адам суға батып кеткен. Оның 57-сі бала.

Төтенше жағдайлар барысында 190 адам құтқарылды. Олардың 64-і кәмелет жасына толмағандар.