Жұмыртқаның шекті бағасы енгізілуі мүмкін – сауда министрлігі

0
417

Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы мен құс фабрикаларының басшылары баға орнату мәселелерін және жұмыртқа бағасын тарифсіз реттеу шараларын талқылады.


Жұмыртқаның шекті бағасы енгізілуі мүмкін – сауда министрлігі

ERNUR.KZ. Қазақстанда 1-санаттағы жұмыртқаның шекті бағасын енгізу бойынша келіссөздер басталды, деп жазады sputnik.kz.

Бүгін сауда комитетінде кездесу өтті. Оған құс өсірушілер одағы, жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы мен құс фабрикаларының басшылары келді. Жиынға қатысушылар баға орнату мәселелерін және жұмыртқа бағасын тарифсіз реттеу шараларын талқылады.
"Маусымдық қымбаттау кезеңінде жұмыртқа бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында тараптар жыл соңына дейін бағаны белгілей отырып, 1-санаттағы жұмыртқа бағасын тұрақтандыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумның талаптарын қарастыруда", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, 2023 жылы 30 қарашада Қазақстан құс өсірушілер одағы және жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы арасында тауық жұмыртқасы бағасының өсуіне жол бермеу туралы меморандум жасалған болатын. Соның арқасында мереке алдында бағаның негізсіз өсуіне жол берілмеді.