Жүкті әйелдерге КВИ қарсы екпе олардың келісімінсіз салынады - фейк

0
407

Қазнет қолданушылары 22 қарашадан бастап жүкті әйелдерді COVID-19 қарсы вакцинациялай бастайды деген ескерту таратуда.


Жүкті әйелдерге КВИ қарсы екпе олардың келісімінсіз салынады - фейк

Бұл ретте хабарламада барлығын бірдей егу жоспарланып отырғандықтан олардың вакцинацияға келісімі немесе одан бас тартуы маңызды болмайтыны айтылған. Бұл жалған ақпарат, деп жазады ERNUR.KZ.

Бұл ақпаратты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.

– Жүкті әйелдерді вакцинациялау егілетіндердің ақпараттандырылған ерікті келісімінен кейін ғана жүзеге асырылатын болады. Бүгінгі күні жүкті әйелдерге КВИ қарсы вакцина салынып жатқан жоқ, – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.