Жолда қалған жолаушыларға көмектескен қазақстандық соттан бір-ақ шықты

0
230

Азамат жергілікті атқарушы органға такси тасымалдаушысы ретінде тіркелмей, осындай қызмет түрін орындады деп айыпталды.


Жолда қалған жолаушыларға көмектескен қазақстандық соттан бір-ақ шықты

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысының аудандық соты азамат М.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады. Мұның бәрі ер адамның қолайсыз ауа-райында жолда қалған екі жолаушыны ала кетуінен басталды, деп жазады stan.kz.

Азамат жергілікті атқарушы органға такси тасымалдаушысы ретінде тіркелмей, осындай қызмет түрін орындады деп айыпталды.

"Сот жүргізуші М. такси тасымалдаушысы ретінде қызмет атқармағанын, бірақ қолайсыз ауа-райы кезінде жолда қалып қойған екі жолаушыны қалаға алып келгенін, олардан төлем алмағанын анықтады. Сотта сұхбаттасқан куәгерлер бұл фактіні растады. Сонымен қатар азамат М.-ға қатысты құқық бұзушылық жасағаны туралы дәлел сотқа берілмеген", – деп хабарлады сот өкілдері.

Азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тоқтатылды.