Жел ұшырып кеткен: Каспий теңізіне ағып кеткен төрт адам құтқарылды

0
1 141

Ақтауда қолдан жасалған жүзу құралымен теңізге шыққан ер адамдар жағаға жеткізілді.


Жел ұшырып кеткен: Каспий теңізіне ағып кеткен төрт адам құтқарылды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Ақтау жедел құтқару жасағының қызметкерлері 1 қазанда сағат 16:19-да "Шора" су арнасынан, Ақтаудан 25 шақырым жерден, төрт ер адамды судан шығарды, деп жазады inbusiness.kz.

"1987 жылы туған екі адам және 1994 жылы туған екі адам өз бетінше қолдан жасалған құралдарымен жағаға шыға алмады. Оларды қатты жел ашық теңізге жағадан екі шақырым қашықтыққа алып кетті. Медициналық көмек қажет емес.
Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Суда абай болыңыз! Теңіз қателіктерді кешірмейді",-дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.