Жамбылдағы атыстан 5 адам жараланды

0
389

Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Жамбылдағы атыстан 5 адам жараланды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Жамбыл облысындағы атыста бес адам жараланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

15 маусым күні Сарысу ауданының полиция бөліміне бытыра оғынан жарақат алған 20, 22 және 24 жастағы бес тұрғынның жүгінгені туралы хабарлама келіп түскен.

Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жанжал бұзақылық ниетпен болғаны анықталды, оның барысында күдікті жоғарыда аталған адамдарға мылтықтан бірнеше рет оқ атқан.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 22 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ұсталған ер адам өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сондай-ақ барлық тиісті сараптамалар тағайындалды.