Жамбылда мектеп оқушысын зорлаған депутаттың күйеуі 20 жылға сотталды

0
292

Сотта 12 жасар қызды зорлау ісі қаралды.


Жамбылда мектеп оқушысын зорлаған депутаттың күйеуі 20 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Айыптаушы сапта аудандық мәслихат депутатының Галина Мороздың 55 жастағы күйеуі отыр. Ол өзінен жүкті болған оқушы қызды зорлады деп айыпталған. Ал мұғалімдер қызды ата-анасының рұқсатынсыз жасанды түсік жасату үшін жеке емханаға жіберген, деп жазады inbusiness.kz.

Прокурор Морозды 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Зардап шеккен тарап айыптаушы тараптың ұстанымын қолдады. Сотталушының өзі кінәсін мойындамады.

"Ол өмір бойына педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айырумен 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына моральдық шығын ретінде үш миллион теңге өндірілді", - деп хабарлады Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында.

Ер адам мен оқушы қыздың интимдік кездесулері кемінде үш рет болған. Ол 2022 жылдың маусым айында жүкті болды. Мұны Жаңатас қаласында жасалған УДЗ растады. Қыз қараша айында түсік жасатқан. Ота жасаған дәрігердің бетін көрмеген.