Жайық өзенінің деңгейі Орал қаласында 8 метрге жуықтады

0
217

Орал қаласы мен Жайық өзені бойында орналасқан 84 елді мекенге төнген қауіп әлі сейілген жоқ.


Жайық өзенінің деңгейі Орал қаласында 8 метрге жуықтады

ERNUR.KZ. Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы тұсында бір тәулікте 13 сантиметрге көтерілді, деп жазады inform.kz.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 19 сәуір күні сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша Оралда Жайық деңгейі 794 сантиметрге жетті, яғни 8 метрге (қауіпті шегі 850 см) жуықтады.

Өзен деңгейі Бәйтерек ауданы Январцев гидробекетінде бірден 28 сантиметрге жоғарылап, 884 сантиметрді (мұндағы қауіпті шегі 1 250 см) көрсетті.

Жайық өзені сондай-ақ Көшім (+2, 788 см) мен Тайпақ ауылы (+9, 495 см) тұсында да көтерілуде.

Сонымен қатар Көшім каналында су деңгейі 823 сантиметрге жетті (+2, қауіпті шегі — 800).

Орал қаласы мен Жайық өзені бойында орналасқан 84 елді мекенге төнген қауіп әлі сейілген жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда суға кеткен 820 үйге тұрғындар қайтып оралғанын жазған болатынбыз.