Ұлыбритания су тасқынына байланысты Қазақстанға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді

0
264

Еліміздің 8 өңірінде су тасқынының беті қайтар емес.


Ұлыбритания су тасқынына байланысты Қазақстанға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді

ERNUR.KZ. Ұлыбританияның сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі Нусрат Гани су тасқынынан зардап шеккен Қазақстанға көмек көрсетуге дайын екенін айтты, деп жазады stan.kz.

Мұны шенеунік 15 сәуірде Twitter-де жазды.

"Қазақстанда жалғасып жатқан су тасқыны елдің солтүстігі мен батысындағы аймақтарды қиратты. Зардап шеккендердің барлығына, әсіресе эвакуациялауға мәжбүр болғандарға көңіл айтып, қолдау білдіреміз. Орталық Азия елдері климаттың өзгеруіне қарсы күресте алдыңғы қатарда. Ұлыбритания көмектесуге дайын", – деп жазды ол.



Еске салсақ, бұған дейін Канело су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға қолдау білдірген еді.

Айта кетсек, еліміздің 8 өңірінде су тасқынының беті қайтар емес. Тасқын салдарынан қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар саны 100 мыңнан асты.