Төреғали бір жігіттің қабағын жарды: видеоға қатысты тексеріс басталды

0
742

Оқиға Көлсайда болған.


Төреғали бір жігіттің қабағын жарды: видеоға қатысты тексеріс басталды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде тараған видеода ер жігіт өзіне әнші Төреғали Төрәлі тап беріп, қабағын жарғаны туралы айтады, деп жазады ҚазАқпарат.

Видео кадрларынан қабағы жарылған жігіттің қасынан бір топ адамды көруге болады. Олар Төреғали Төрәлінің жас жігітке қол көтергенін куәгер ретінде бірауыздан растайтыны айтады.

Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жайтқа қатысты төмендегідей түсінік берді.

«Қазір аталған фактіге қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Алматы облысы полициясының тапсырмасымен бұл іспен Кеген ауданының полициясы айналысуда. Іс облыстық полицияның бақылауына алынды»,- делінген ведомство хабарламасында.

Айта кету керек, оқиға Көлсайда болған.