Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты

0
454

Болат Назарбаев 2023 жылы 13 қарашада 71 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған сырқаттан қайтыс болды.


Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа інісі Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп жазады zakon.kz.

"Мемлекет басшысы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа інісі Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты", - деп мәлімдеді Кеңесшісі – президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Сондай-ақ ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың жерлеуге қатыспайтынын жеткізді.

Болат Назарбаев 2023 жылы 13 қарашада 71 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған сырқаттан қайтыс болды.

2023 жылы 6 қарашада Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі жансақтау бөліміне түскені белгілі болды.

Болат Назарбаев 1953 жылы 23 наурызда Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.

1997 жылдан бері ол BN Invest холдингін басқарады. 2016 жылы "Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қорын құрды. Сол жылы "Парасат" орденімен марапатталды.