Танымал вайнер Мейіржан Төребаев түрмеден босатылды

0
1 993

Судья Мейіржан Төребаевтың адвокатының өтінішін қанағаттандырып, бұлтартпау шарасын уақытша ұстау изоляторынан үй қамаққа ауыстырды.


Танымал вайнер Мейіржан Төребаев түрмеден босатылды

ERNUR.KZ. Белгілі вайнер Мейіржан Төребаев түрмеден босатылып, үй қамаққа алынды. Мұндай қаулыны Mudarabah capital қаржы пирамидасы ісі бойынша судья шығарды, деп жазады stan.kz.

Судья Мейіржан Төребаевтың адвокатының өтінішін қанағаттандырып, бұлтартпау шарасын уақытша ұстау изоляторынан үй қамаққа ауыстырды. Ол сәуір айынан бастап танымал блогер Мейірхан Шерниязовпен бірге қамауда отыр.

Судья Кәмшат Саурова сонымен қатар сотты офлайн режимінде өткізуден бас тартты. Бірқатар адвокаттар офлайн процесс туралы өтініш білдіргеніне қарамастан, видео арқылы онлайн форматта өту тәртібі тағайындалды.

Алдын ала отырыс Алматыда 21 желтоқсанда басталды. 150-ден астам салымшы құрбан болған Mudarabah Capital қаржы пирамидасын ұйымдастыруға және басқаруға күдікті 14 адам бар сот алдында жауап беруде.