Танымал сериалдарда ойнаған актер көз жұмды

0
492

Актер бұған дейін ұзақ ауырғаны хабарланып отыр.


Танымал сериалдарда ойнаған актер көз жұмды

ERNUR.KZ. Танымал сериалдарда ойнаған актер көз жұмды, деп жазады ktk.kz

Суыт хабар театрдың сайтында жарияланды. Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Игорь Бондаренко 56 жасында көз жұмды, деп жазылған ФЭСТ театрының сайтында. Актер бұған дейін ұзақ ауырғаны хабарланып отыр.

"Игорь Бондаренконың театрдың қалыптасып дамуына қосқан үлесі өлшеусіз. Ол театрдың бастауында тұрды", - делінген некрологта.

Игорь Бондаренко 1966 жылы 21 ақпанда Мәскеу облысы Звездный Городокта дүниеге келген. 1995 жылы Щепкин атындағы Жоғары театр училищесін тамамдаған. 2004 жылы "Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі" атағын алды.

"Сибирский цирюльник", "Братья Карамазовы" (2008), "Золото Лангина" фильмдері мен "Кармелита", "Реальные пацаны", "Счастливы вместе" және "Склифосовский" сериалдарына түсті.