Сот Жанболат Мамайды кінәлі деп тауып, 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды

0
372

Белсендінің қоғамдық және саяси өмірге қатысуына тыйым салынды.


Сот Жанболат Мамайды кінәлі деп тауып, 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды

ERNUR.KZ. Алматы соты тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамайды кінәлі деп танып, 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ оған журналистік және саяси қызметпен айналысуына тыйым салды, деп жазады stan.kz.

Мамай үш қылмыстық бап бойынша кінәлі деп танылған. Олар: "көрінеу жалған ақпарат тарату" (274-бап), "билік өкілін қорлау" (378-бап) және "тәртіпсіздік ұйымдастыру" (272-бап).

Белсендінің қоғамдық және саяси өмірге қатысуына тыйым салынды. Сондай-ақ одан 800 мың теңге ақша өндірілетіні айтылды.

Үкім заңды күшіне енгенше ол үйқамақта болады. Мамай сот үкімінің саяси астары бар екенін айтып, қарсы шағым түсіретінін жеткізді.

“Сот барысында он шақты куәгерлерден жауап алынды және олардың барлығы менің тәртіпсіздікке шақырмағанымды айтты. Бірақ соған қарамастан соттың осындай шешім шығаруының саяси астары бар деп есептеймін. Әлбетте біз бұл шешіммен келіспейміз. Апелляциялық шағым түсіреміз”, – деді Мамай сотта.

Еске салайық, бұған дейін прокурор Мамайды 6,6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруды сұраған.

28 қазанда Жанболат Мамайдың ісі сотқа жіберілгені белгілі болған. 9 қарашада саяси белсенді Жанболат Мамайдың ісі бойынша алғашқы сот отырысы басталған.