Шығыс Қазақстанда 600-ден аса адам 3 жасар баланы іздеп жатыр

0
494

​Бала кеше кешкі жетілер шамасында аулада жүргенде жоғалып кеткен.


Шығыс Қазақстанда 600-ден аса адам 3 жасар баланы іздеп жатыр

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында 3 жасар бала жоғалып кетті. Бүлдіршінді іздестіруге барлығы 621 адам жұмылдырылды, сондай-ақ тікұшақ пен дрон да тартылды, деп жазады sputnik.kz.


ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, Ұлан ауданы Таврия ауылында 24 шілде кешкі жетілер шамасында 3 жасар Әділхан Сейсембай жоғалып кетті. Полицияға баланың әкесі арызданған. Айтуынша, ұлы әдеттегідей аулаға шыққан, бірақ біраз уақыттан кейін ата-анасы оны таба алмай қалған.
Бүлдіршінді полицейлер, құтқарушылар, еріктілер мен жанашыр тұрғындар іздестіріп жатыр.
"Қазіргі уақытта ауқымды іздестіру операциясы жүргізіліп, ауыл аумағы 16 секторға бөлінген. Барлығы 621 адам (полицейлер, ұлттық ұланның әскери қызметшілері, атты полиция, әкімдік, ТЖД қызметкерлері, еріктілер) жұмылдырылды. Бұдан бөлек, квадрокоптерлер мен тікұшақ тартылды", - делінген хабарламада.
Белгілері: бойы 90-100 см, дене бітімі арық, шашы қара, түзу, көздері қоңыр. Үстінде жасыл футболка, ақ-көк түсті қалпақ, жасыл шорты, аяғында қара-көк түсті кроссовка болған.
Полиция жоғалған бала туралы қандай да бір ақпарат болса, "102" нөміріне хабарласуды сұрайды.