Сәтбаев қаласында облыстағы жалғыз құс фабрикасы жабылды

0
495

Оның себебі "Қазақмыс" корпорациясы аумағындағы кен өндіру жұмыстары болуы мүмкін.


Сәтбаев қаласында облыстағы жалғыз құс фабрикасы жабылды

ERNUR.KZ. Ұлытау өңірінде аймақтағы жалғыз құс фабрикасының жұмысы тоқтатылды. Бұл Жезқазған-Ұлытау аймағының нарығының үштен бір бөлігін арзан тауық жұмыртқасымен қамтамасыз еткен "Ахтямов Р.Н." құс фабрикасы. Сонымен қатар, жақын арада кәсіпорын қуаттылығы жылына 1 мың тонна құс етін өндіру бойынша жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырған, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл жобалардың барлығы ел Президенті бекіткен өңірді дамытудың кешенді жоспарына енген. Алайда қазір құс фабрикасының 30 қызметкері уақытша жұмыссыз қалды. Оған "Қазақмыс" корпорациясындағы кен өндіру жұмыстары ықпал етті.

"Бір жылдан астам уақыт бойы дәл ғимарат астында қарқынды бұрғылау және жару жұмыстары жүргізілді. Біздің фабрика оның дәл іргесінде орналасқан. Жер асты дүмпулері сумен жабдықтау жүйелерін, құрал-жабдықтарды бүлдіреді, құс қоралары қирады... Бір шақырым радиуста фабриканың айналасындағы жерде жарықтар пайда болды, сондықтан кешенге арнайы қауіпсіз жолмен жету керек", – деді құс фабрикасының басшысы Ринат Ахтямов.

Сондықтан құс фабрикасын басқа аумаққа көшіру керек. Бұл мәселеден Ұлтытау облысы әкімінің бірінші орынбасары Аман Барикенов хабардар болып шықты.

"Қазір осыған қатысты талқылаулар жүргізіліп жатыр. "Қазақмыс" пен облыс әкімдігі мәселені барынша оңтайлы шешуге барын салуға дайын", – деді облысы әкімінің бірінші орынбасары.