Түркістан облысында демалып жүрген ер адам жүрегі тоқтап қайтыс болды

0
288

Қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты тиісті тексерулер жүріп жатыр.


Түркістан облысында демалып жүрген ер адам жүрегі тоқтап қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қайғылы оқиға Түркістан облысының тауларында болды. Ер адам кенеттен жүрегі тоқтап қайтыс болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Төлеби ауданы Қасқасу ауылдық округіндегі таулы аймақта демалып жүрген 1973 жылы туған ер адамның жүрегі тоқтап қайтыс болды. Оқиға бір топ азамат демалып жатқан тау баурайында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, топ мүшелерінің бірі жүрек тұсында қатты ауырсынуды сезген.

Дереу жедел жәрдем шақырылғанмен, ер адам жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.

Қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты тиісті тексерулер жүріп жатыр.