Елордадағы LRT құрылысында кран құлады

0
237

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшылығы да шығып үлгерді.


Елордадағы LRT құрылысында кран құлады

ERNUR.KZ. Астанада Керей-Жәнібек хандар мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы LRT құрылыс алаңында кран опырылып түсті. Зардап шеккендер жоқ, деп жазады inform.kz.

«City Transportation Systems» ЖШС Қабанбай батыр даңғылы мен Керей Жәнібек хандар даңғылының қиылысында сағат 10:35-те арматураны көтеру кезінде бағыттама кран құлағанын хабарлады. Кран «Времена Года» тұрғын үй кешенінің көлік тұрағына құлаған. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында мердігердің, басшылықтың, СТS және полицияның жауапты қызметкерлері жүр.

Сондай-ақ оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшылығы да шығып үлгерді.

«Zoomlion жүк көтергіш кран China Railway Asia-Europe Construction Investment компаниясына тиесілі. Апаттың алдын ала себебі – шамадан тыс жүктеме. Автокран тіркелмеген және жұмысқа рұқсат алмаған. Қорытындылары туралы қосымша хабарланады. Апаттың мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылып жатыр», - делінген өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.

Бұған дейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жолдың эстакадалық бөлігін 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отырғанын хабарлаған болатын. Келесі жылы рельстер төселеді.