Сал ауруына шалдыққан қызды зорламақ болған: Атырауда педофилге сот үкімі шықты

0
246

Күдікті 17 жылға сотталды.


Сал ауруына шалдыққан қызды зорламақ болған: Атырауда педофилге сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Атырауда 2022 жылдың желтоқсанында 13 жастағы мүгедек қызды зорламақ болған ер адамға сот үкімі шықты, деп жазады inbusiness.kz.

Жантүршігерлік оқиға 2022 жылдың 6 желтоқсанында Авангард шағын ауданында болған.

Белгілі болғандай, 2023 жылдың маусым айында Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұл оқиғаға нүкте қойған.

Ер адам Қылмыстық кодекстің бірден екі бабы – қыз зорлауға оқталу және ірі залал келтірген көлік ұрлау бойынша кінәлі деп танылды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, іс жабық сот отырысында қаралды. Сондықтан істің мән-жайы жария етілмеді.

"Сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленуші мен оның заңды өкілінің, куәгерлердің айғақтарымен, оқиға болған жерді тексеру актісімен және сараптама қорытындысымен толық дәлелденді", - деп атап өтті Атырау облыстық соты.

Сот ер адамды екі бап бойынша да кінәлі деп тауып, 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.