Рудныйда жаппай астан уланған студенттер оқиғасына қатысты сот үкімі шықты

0
302

Өткен жылдың 20 сәуірінде Рудный тау-кен технологиялық колледжінде 14 студент тамақтан уланған.


Рудныйда жаппай астан уланған студенттер оқиғасына қатысты сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. 2023 жылдың 7 тамызында сот колледждің асханасын жалға алған "S-Salto" ЖШС басшысына қатысты үкім шығарды, деп жазады zakon.kz.

Осы факт бойынша прокуратураның қадағалауымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілді, оның барысында "S-Salta" ЖШС басшысы С.А. Шугубаева қабылданған міндеттемелерді елемей, санитарлық нормалардың бұзылуына жол беріп, жаппай улануға әкеп соқтырғаны анықталды.

Бұдан басқа, "S-Salta" ЖШС басшысының көрінеу жалған құжаттарды, атап айтқанда медициналық тексеруден өту туралы жеке медициналық кітапшаларды заңсыз пайдалануға қатысы бар екені анықталды.

Рудный қаласының прокуратурасы тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық істі сотқа жіберіп, мемлекеттік айыптауды қолдады.

"2023 жылғы 7 тамызда сот үкімімен С.А. Шугубаева жалған құжаттарды пайдаланғаны және санитарлық ережелерді бұзғаны үшін кінәлі деп танылды және 3 жыл мерзімге белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды".Қостанай облысының прокуратурасы

Үкім заңды күшіне енген жоқ.